Тау өңірлеріндегі Университет: оқыту артықшылықтары мен тұрақты тұру

Осы мақала талапкерлердің университетке оқуға түсу кезінде тап болатын мәселелер мен мүмкіндіктерді зерттейтін «Университетті таңдау» жарияланымдар топтамасының бөлігі болып табылады. Осы топтаманы Орталық Азия Университеті жариялап отыр, бұл оқу орны қазіргі уақытта 2016 жылдың қыркүйек айында өзінің студенттерінің алғашқы ағынын іріктеу үшін өтінімдерді қабылдап жатыр. Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі – 2016 жылдың 18 наурызы.   
 
 
Орталық Азиядағы көптеген студенттер үшін жоғары білім алу – олардың туған қалаларында орналасқан университеттерге сабаққа бару, өз үйінде немесе жалданған пәтерде тұрып, кампусқа бару және кері қайту мүмкіндігін білдіреді. Оқытушылар және курстастармен тілдесіп-қатынасу көп кезде оқу уақытымен шектеліп жатады, ал бұл, әдеттегідей, жеткіліксіз болады, әсіресе сөз үлкен дәрісханалық залда өтетін сабақтар туралы болған жағдайда. ЖОО-да оқу ұдайы стресспен ассоциацияланады. Бұл барлық тапсырмаларды уақытында орындау, кептеліс тұрып қалып, сабаққа кешікпеу, өткен материалды түсініп-пысықтау үшін тыныш орынды табу, сабақты игеруге деген ұмтылыс. Бұл бірнеше студенттер буыны ұстанып келген ЖОО-ның осындай стереотипі.    
      
Сонымен қатар, соңғы зерттеулердің нәтижелері курстастармен бірге кампуста бірге тұру және өзара әрекеттесу студенттердің үлгеріміне оң әсерін тигізетіндігіне дәлел болып отыр. Бұл сыни ойлауды дамытады, басқа халықтардың мәдениеті мен дәстүрлеріне құрметті қалыптастырады, көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелейді және ғылыми өсуге ынталандырады. Және, керісінше, зерттеулер студенттің кампустан неғұрлым алыс тұрса, соғұрлым оның университеттің білімдік ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері азаятындығын растайды. Бұл шалғайдағы аудандардан келген студенттерді теңсіз жағдайларға қояды.  
 
ОАУ-де университеттің білім алудың жай ғана сабақтар мен тапсырмаларды орындаудан да көп нәрсе деп санайды. ОАУ өңір студенттеріне жоғары білім алудың түбегейлі өзге жүйесін ұсынады. Ондағы Университет – жай білім алуға келетін орын ғана емес, нағыз тұлға және жоғары деңгейлі кәсіпқой болуға мүмкіндік беретін орын. ОАУ кампуста, оқу мен өз идеяларымен еркін алмасуға жағдай жасайтын университеттік ортаға толық қанумен өмір сүру мүмкіндігін ұсынады.  
 
ОАУ-не түскен студенттер өз курстастары мен оқытушылары арасында тұруға, жайлы және барлық қажет оқу жайларын және ең жаңа ресурстарды пайдалануға, сондай-ақ өңірде теңдесі жоқ оқу қауымдастығында халықаралық деңгейдегі білім алу мүмкіндігіне ие болады. 
 
ОАУ әр кампусы әлемдік стандартқа сай келетін жайлы және стильді безендендірілген оқу және тұрғын жайлары, дәмханалар мен спорттық ғимараттардан тұрады. Әр кампуста кітапханалар, зертханалар, жалпы зал мен демалыс орындары, медициналық және сауықтыру орталықтары, 100 пайыздық Интернет-қолжетімділік және өзге заманауи инфрақұрылым болады. Күмбез шыңды таулардың бөктерінде орналаса тұрып, ОАУ барлық үш кампусы студенттердің тағдыршешті білімдік тәжірибе алуға тамаша жағдайлар жасайды. 
 
Кампуста оқу мен жеке тұлға ретінде өсу үшін қажеттінің барлығы бар. Келіңіз де, өзіңіз көзіңізді жеткізіңіз! 
 
Толығырақ ақпарат алу және Орталық Азия Университетке түсуге өтінімді беру үшін мына сілтеме www.ucentralasia.org/admissions бойынша өтіңіз, admissions@ucentralasia.org электрондық мекенжайы бойынша жазыңыз немесе келесі нөмірлер бойынша қоңырау шалыңыз: +996 770 822 901 (Қырғыз Республикасы), +992 93 999 99 64 (Тәжікстан), +7 777 822 3948 (Қазақстан)