Сізге неліктен Орталық Азияда «Компьютерлік ғылым» дәрежесін алу керек?

Date: 14 March 2016

Бұл мақала талапкерлер университетке түсу кезінде тап болатын мәселелер мен мүмкіндіктерді зерттейтін «Университетті таңдау» атты жарияланымдар топтамасының бөлігі болып табылады. Осы топтаманы Орталық Азия Университеті жариялап отыр, бұл оқу орны қазіргі уақытта 2016 жылдың қыркүйек айына өзінің студенттерінің алғашқы ағынын іріктеу үшін өтінімдерді қабылдап жатыр.Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі – 2016 жылдың 15 сәуірі.

Бүгінгі әлем уақыт өткен сайын ақпараттық технологиялар (АТ) жүйелеріне тәуелді болады.

Бұл жағдай Орталық Азияны да айналып өткен жоқ. Тәжікстан, Қырғыз Республикасы және Қазақстан Республикасының үкіметтері өз экономикаларын жақсарту мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларға ден қойып, берілгендігін көрсетті. Нәтижесінде компьютерлік ғылымдар салаларындағы білімді, біліктілігі жоғары мамандарға деген сұраныс осы жұмыс орындарын толтыру туралы ұсыныстардан асып отыр. «Компьютерлік ғылым» бағыты бойынша оқыту студенттерді бағдарламалық жабдықтама жөніндегі мамандар, аналитиктер, деректер қорларының әкімшілері және т.б. ретінде жұмысқа орналасуға даярлайды.    

Егер Сіз технологияларға қызығушылық танытсаңыз және қалыптастып келе жатқан өңірлік сала мен ақпараттық технологиялар саласындағы қалыптасып қойған мамандардың дүниежүзілік желісінің бөлігі болғыңыз келсе, ОАУ-нің «Компьютерлік ғылым» мамандығы бойынша ғылымдар бакалаврының дәрежесін алу Сізге қойылған мақсатыңызға қол жеткізуге көмектеседі.  

ОАУ «Компьютерлік ғылым» бағдарламасының мақсаты – құзырлы және білікті АТ-кәсіпкерлерінің жаңа буының қалыптастыру. Ең заманауи компьютерлік зертханаларда білім алу және ақпараттық технологиялар саласындағы нақты жұмыс берушілерде тағылымдамадан өту студенттерді ең жаңа технологиялармен таныстыруға мүмкіндік береді. Дүние жүзіне белгілі университеттермен серіктестікте әзірленген ОАУ бағдарламасы халықаралық стандарттар мен Есептеу техникасы бойынша мамандар қауымдастығы (АСМ) мен ОАУ студенттерін бүкіл дүние жүзі бойынша жергілікті ұйымдардың 400 000 мүшелерімен байланыстыратын техникалық мамандардың аса ірі әлемдік бірлестігі - Электрлік техника және электроника (ІЕЕЕ) жөніндегі инженерлер институтының оқу бағдарламаларын әзірлеудегі жетекші қағидаттарды көрсетеді.     

Барлық салалардағы жұмыс берушілер бағдарламалау, жобаларды басқару, техникалық қолдау және деректерді басқарудағы сенімді дағдыларға ие үміткерлерді іздейді. ОАУ «Компьютерлік техника» мамандығы бойынша түлектері АТ-мамандарына арналған халықаралық стандарттарға сәйкес оқытылатын болады және технологиялық инфрақұрылым мен өңірдің болашағына өз үлестерін қосады.  

Бағдарламалық жабдықтаманы әзірлеу компаниялар жұмыс істеу үшін өздеріне қызметкерлерді жалдайтын көптеген салалардың бірі ғана болып табылады, оларда жұмыс істеуі үшін Орталық Азияда кәсіпқойларды жалдауға ұмтылады. Бағдарламалау, алгоритмдер және деректер құрылымдары, математика және бағдарламалық жабдықтаманы әзірлеу бойынша міндетті курстарға қосымша студенттер сондай-ақ «Коммерциялық ақпараттық жүйелерді талдау, жобалау және жүзеге асыру», «Дамуға арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» немесе «Жасанды интеллектіге кіріспе» сияқты факультативтік курстарды таңдай алатын болады.   

Орталық Азия Университетінің (ОАУ) «Компьютерлік ғылым» бағдарламасының түлектері – жекеменшік, сондай-ақ мемлекеттік секторда жұмысқа орналасу, сонымен қатар аспирантураның халықаралық бағдарламаларына оқуға түсу кезінде бәсекеге қабілетті үміткерлер бола алады.

 

Егер Сіз – шешімдерді технологиялардан көре алатын адам болсаңыз, ОАУ бағдарламасы Сізге осы шешімдерді жүзеге асыру үшін қажетті білімді бере алады. ОАУ «Компьютерлік ғылым» бағыты бойынша оқу дәрежесі қайтіп Сізге қызмет ете алатындығын білу үшін біздің сайтқа келіңіз: www.ucentralasia.org/admissions, бізге электрондық пошта бойынша жазыңыз:  admissions@ucentralasia.org, немесе мына телефондар бойынша қоңырау шалыңыз:  +996 312 663 822 (Қырғыз Республикасы); +992 93 999 99 64  (Тәжікстан); +7 777 822 3948 (Қазақстан).