Алматы облысының әкімдігі Текелі қаласындағы жергілікті қауымдастықпен кездесуде ОАУ кампусы құрылысына қолдау көрсету туралы ниетін білдірді

Date: 24 March 2016
Other languages: English | Русский язык |
Алматы облысының әкімдігі Орталық Азия Университетімен бірлесе отырып, 2016 жылдың 18 наурызында Текелі және Талдықорған қаласының қоғам өкілдерімен бірқатар кездесулер ұйымдастырды. Кездесулер барысында қатысушылар Қазақстандағы ОАУ даму қарқыны және ОАУ Нарын қаласындағы (Қырғыз Республикасы) 2016 жылдың қыркүйек айында өз есігін ашатын алғашқы кампусындағы оқу қызметін өрістету бойынша жоспарлармен танысты.  
 
 
Кездесу аясында Текелі қаласының әкімі Талғат Қайнарбеков Университет жоспарларына қолдау көрсетіп, Текелі қаласының басшылығы қала және өңір экономикасын дамыту бойынша белсенді жұмыс атқарып отырғандығын атап өтті. 
 
«Текелі университеттік қалашық үшін тамаша орын болып табылады. Біз экономика саласында да, тұрғындар саны жағынан да тұрақты дамуға бағыт алдық. Біз Орталық Азия Университетін дамыту бойынша жоспарларға толық қолдау көрсетіп, тамаша қаламызда алғашқы студенттер топтарының пайда болуын асыға күтеміз», - деп атап кетті қала әкімі.  
 
Әкімдік ғимаратының мәжіліс залында өткен қоғаммен өткен кездесулерге орталық және облыстық билік органдарының өкілдері, оқу орындары, кәсіпкерлік орта мен азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері қатысты. Қатысушылар Университет жоспарларымен, соның ішінде 2016-2017 оқу жылына студенттерді қабылдау бойынша басталып, белсенді өтіп жатқан науқан барысымен танысты.   
Талдыкорған қаласындағы кездесу Алматы облысының ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы Әлия Құрманғалимеваның қатысуымен өтті, ал талқылау барысына ОАУ Қазақстандағы өкілі Райхан Сисекенова басшылық етті. 
 
ОАУ Бас директоры және Даму мектебінің деканы доктор Богдан Кравченко бакалавриат бағдарламасымен таныстырды және студенттерді іріктеу процесінің құрылымын сипаттап берді. Қатысушылардың сұрақтарына берген жауаптарында доктор Кравченко Университеттің таулы аймақтар қауымдастықтарының экономикалық дамуын инновациялар мен озық технологиялар арқылы ынталандыруға ерекше көңіл аударатындығын атап өтті.  
 
«ОАУ Қазақстандағы барлық бастамалары еңбек нарығындағы нақты қажеттіліктерді бағалауға негізделеді. Әсіресе бұл пайымдау біздің баклавриаттық бағдарламалар үшін дұрыс болады. Бакалавр бағдарламалары мамандықтарының бағыттары түлектері оқуды аяқтағаннан кейін бірден жақсы төленетін, перспективті жұмыс тауып ала алатындай етіп, қалыптастырылған. ОАУ-де біз түлектеріміз инноваторлар, көшбасшылар, болашақта Қазақстан мен өңірдің аса маңызды салаларында жұмыс орындарын ашатын тұлғалар болуы тиіс деген мақсатты ұстанамыз», - деді Кравченко мырза.  
 
Қоғам өкілдерімен өткізілген бұл кездесулер Университет, мемлекеттік органдар және қоғам арасында қалыптасқан ынтымақтастық пен кеңесу ортасын айқын көрсететін жаңа үлгі болып табылады. ОАУ Алматы облысындағы қызметін 2003 жылы Текелі қаласында өкілдігі ашылған Кәсіптік және Үзіліссіз оқыту мектебі арқылы жүргізеді.  
 
Мемлекеттік органдар және жекеменшік сектор кәсіпорындарымен өзара қызметтестікте Университет мемлекеттік қызметшілер мен өзге де тілек білдірген тұрғындармен түрлі бағыттар бойынша оқыту жүргізеді – кәсіпкерлік және экономикалық даму, қазақ, орыс және ағылшын тілдері, бухгалтерлік есеп, ақпараттық технологиялар және т.б. Университеттің кәсіптік және үзіліссіз білім беру бағдарламалары бойынша оқытудан 85 мың тыңдаушы өтті, олардың ішінде 16 900 адам Қазақстанда оқытудан өтті. Ага Ханның «Адамтану» жобасы республиканың 33 жоғары оқу орнымен серіктестік байланыстар орнатып, онда арнайы даярлықтан өткен 75 оқытушы 5400 студентті оқытты.   
 
2016-2017 жж. студенттерді іріктеу бойынша науқанның басталу сәтінен Университет Қазақстанда бірнеше ақпараттық шаралар өткізді. Көптеген талапкерлердің өтініштері бойынша Орталық Азия Университеті тілек білдірушілерден өтінімдерді қабылдау мерзімін 2016 жылдың 15 сәуіріне дейін ұзартты. Университет осы шараның, қандай мектепте – қалалық немесе ауылдық жердегі мектепте оқитындығына қарамастан, Орталық Азияның барлық мектеп оқушыларына құжаттарын тапсыруға үлгеруге көмектесетіндігіне үміттенеді. 
 
Қызметінің бірінші кезеңінде Университет төрт бағыт бойынша баклаврлық бағдарламалар ұсынатын болады – ОАУ нарындық кампусында негізгі маманданудың екі бағдарламасы ұсынылатын болады - «Орталық Азия туралы ғылымдар» бағыты бойынша қосымша мамандық алу мүмкіндігімен  бірге «Компьютерлік ғылымдар» және «Коммуникациялар және бұқаралық ақпарат құралдары». Басқа екі негізгі мамандық  ОАУ Хорог қаласындағы (Тәжікстан) кампуста ұсынылады, ол 2017 жылдың қыркүйек айында ашылады:  «Даму туралы ғылымдар» бағыты бойынша қосымша мамандық алу мүмкіндігімен  «Экономика» және «Жер және қоршаған орта туралы ғылымдар».
 
ОАУ тәжікстандық кампусында ұсынылатын мамандану бағыттарын таңдаған студенттер алдағы оқу жылында нарындық кампуста даярлық бағдарламасының тыңдаушылары ретінде оқуды бастайды, ал 2017 жылы Хорог қаласындағы ОАУ кампусына ауыстырылады. Текелі қаласындағы кампус 2019 жылы ашылады деп жоспарлануда, мұнда «Инженерлік-техникалық ғылымдар» және «Бизнес және менеджмент» бағыттары бойынша мамандықтар ұсынылады.