Орталық Азияның студенттері үшін әлемдік деңгейдегі білім беруді ұсынатын университет - Орталық Азия Университетіне қалай оқуға түсуге болады

Бұл мақала «Университетті таңдау» мақалалар топтамасының бөлігі болып табылады, онда талапкерлердің арасында көп тараған сұрақтар қаралып, оқу үшін аса қызықты мүмкіндіктер сипатталады. Осы мақалалар топтамасын Орталық Азия Университеті дайындаған, бұл оқу орны 2016 жылдың қыркүйек айында оқуды бастайтын өзінің алғашқы студенттерін қабылдауды жүргізіп жатыр. Көптеген талапкерлердің өтініші бойынша Университет өтінімдерді беру мерзімдерін 2016 жылдың 15 сәуіріне дейін ұзартты.    
 
 
Дүние жүзінің кез келген елінде жоғарғы сынып оқушылары үшін университетке оқуға түсу өте күрделі кезең болуы мүмкін. Көп жағдайларда оқу қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша жүргізіледі. Қырғызстан мен Қазақстанда бірыңғай ұлттық тестілеу қолданылса, Тәжікстанда мектеп түлектеріне әр жеке оқу орнына қабылдау емтихандарын тапсыру қажет болады. Барлық үш елде де талапкерді қабылдау туралы шешім оның қабылдау емтиханында көрсеткен нәтижелері негізінде қабылданады. 
 
Орталық Азия Университетінде басқа әдіс пайдаланылады. ОАУ-да халықаралық стандарттар бойынша білім алу ұсынылады, бірақ, бұл ретте оқуға қабылдау процесі көптеген кезеңдерден тұрады. ОАУ жетекші шетелдік ЖОО-да қабылданған талапкерлерді қабылдау әдісін қолданады. 
 
Студентті қабылдау туралы шешім шығару кезінде ОАУ конкурстық комиссиясы студентті жан-жағынан қарайды. Талапкерлерге, қоғамдық-пайдалы қызмет, көшбасшылық тәжірибесі туралы және талапкер мен оның жетістіктері туралы толыққанды түсінікті қалыптастыруға көмектесетін басқа да мәліметтерді қоса алғанда, өзінің сыныптан тыс қызметі туралы толық мәліметтер ұсыну қажет. Университет қандай болсын – қалалық немесе ауылдық жердегі мектепті бітіргендігіне, және олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, ең қабілетті оқушыларды оқуға іріктейтін болады.   
 
ОАУ-да оқушылардың білімдерін бағалаудың халықаралық стандарттарына негізделетін, Орталық Азияның мектеп жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып, бейімделген қабылдау емтиханының арнайы форматы әзірленген. Емтихан құрамына халықаралық стандарттар негізінде оқушының университетте оқуды жалғастыруға дайындық дәрежесін бағалауға мүмкіндік беретін ағылшын тілі, математика және логикалық ойлау бойынша тапсырмалар қосылады.  
 
ОАУ-да оқу үшін студенттерді іріктеу оқушының жетістіктері мен қабілеттері негізінде ғана жүргізіледі. Университетте біржақты көзқарас пен кемсітушілікке нөлдік төзушілік саясаты қолданылады. Қабылдау комиссиясының құрамына ОАУ үш құрылтайшы мемлекетіне өкілдік ететін және түрлі қызмет салаларында қызмет істейтін ер адамдар мен әйелдер кіреді: оқытушылар, тәжірибелі мамандар, өнер және мәдениет қайраткерлері, кәсіпкерлер.  
«ОАУ оқуға қабылдау процесі әділ және ашық жүретін болады. Біреуді қабылдау туралы шешім әлдекімнің шешімі бойынша жеке қабылданбайтын болады; барлық шешімдерді қабылдау комиссиясы алқалы түрде қабылдайды. ОАУ оқуға түсу үшін қабылдау емтихандарын тапсыратын әр студентке оның баллдары мен қабылдау емтиханының басқа да қатысушыларына қатысты нәтижесі хабарланатын болады. Бізде қандай да бір квоталар жоқ», - деп атап өтті Гуманитарлық және нақты ғылымдар мектебінің деканы доктор Ариф Качра. «Университет халықаралық деңгейде танылған білім алуды ұсынатын болады;  бұл жолдағы бірінші кезең болып студенттерді халықаралық үлгі бойынша іріктеу процесін ұйымдастыру табылады»
 
Талапкерлер үшін негізгі даталар (құжаттарды тапсыру үшін)
  • 2016 жылғы 15 сәуір: Өтінімді, қажет растайтын құжаттар мен қабылдау үшін өтелмейтін ақыны беру үшін соңғы мерзім 
  • 2016 жылғы 22 сәуір: Талапкерлер тіркеу нөмірін, емтиханның өтетін уақыты мен ОАУ Тестілеу орталығының координатттарын алады  
  • 2016 жылғы 1 мамыр: Тәжікстан, Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасында қабылдау емтихандарын өткізу күні.
  • 2016 жылғы 27 мамыр: Алдын ала іріктеуден өткен талапкерлер ілеспе құжаттарды тапсыруы тиіс күн.  
  • 2016 жылғы шілде айы: Болашақ студенттер үшін ОАУ нарындық кампус бойынша экскурсия өткізу. 
Қабылданған талапкерлер үшін негізгі даталар 
  • 2016 жылғы маусым айы: Оқуға қабылданған талапкерлерді хабарландыру және Қаржылық көмек жөніндегі комитет қабылдаған шешімдер туралы хабарламалар. 
  • 206 жылғы шілде айы: Талапкерлер өзінің ОАУ-да оқитындығын растауы тиіс. 
  • 2016 жылғы 29 тамыз: жаңа студенттер үшін бағыттандыруды бастау. 
  • 2016 жылғы 5 қыркүйек: 2016-2017 оқу жылының басталуы.
ОАУ оқуға түсу туралы қосымша ақпарат алу үшін біздің сайтқа келіңіз:  www.ucentralasia.org/admissions, немесе бізге электрондық пошта бойынша жазыңыз: admissions@ucentralasia.org, немесе келесі телефондар бойынша хабарласыңыз: +996 770 822 901(Қырғыз Республикасы),+992 93 999 99 64 (Тәжікстан Республикасы), +7 777 822 3948 (Қазақстан Республикасы).