Орталық Азия Университетінің студенттері үшін Сенека-Колледжінің (Канада) мақсатты білімдік гранттар бағдарламасы

Сенека-Колледж (Канада) Орталық Азияның талапкерлері үшін мақсатты білімдік гранттар бағдарламасын іске қосу туралы хабарлады. Бағдарлама үш түрлі мақсатты гранттарды көздейді, олар Орталық Азия Университетінде (ОАУ) бакалавриат бағдарламаларында оқу үшін 12 студентке берілетін болады. Сенека-Колледж оқу бағдарламаларын әзірлеу бойынша ОАУ-нің серіктесі болып табылады, және бұл бағдарлама экономикалық жағдайына қарамастан, барлық қабілетті студенттер үшін сапалы білім алуға қолжетімділікті ұсыну бойынша серіктестердің ортақ артықшылықтарын растайды.  
 
 
Сенека-Колледждің (мамандары ОАУ-дың Даярлық бағдарламасы үшін оқу жоспарларын әзірлеуге қатысқан) білімдік гранттар бағдарламасы ОАУ-дағы оқу құнының белгілі бөлігін өтейтін гранттардың үш түрін көздейді. ОАУ студенттердің қажеттіліктеріне байланысты оқу құнының 90%-на дейін өтеуге міндеттенеді.  
 
«Біз Орталық Азия Университетінің Орталық Азия жастарына жоғары сападағы білімдік бағдарламаларға қолжетімділікті ұсыну бойынша қағидаттары мен мақсаттары біздің қағидаттар және мақсаттарымызбен бірдей болатындығына сенімдіміз», - деп атап өтті Сенека-Колледжінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі деканы Джос Ноул (Jos Nolle). 
 
«Біз осы қаржылық қолдауға ие болатын қабілетті жастардың уақыт өте келе Орталық Азияның дамуына және ОАУ оқу кезінде алған білімдері мен тәжірибесін таратуға өз үлестерін қосады деп үміттенеміз. Біз олардың өз қоғамдары үшін тіреу болатындығыныа сенеміз». 
 
Түсу кезінде алғашқы оқу жылына мақсатты білімдік гранттар берілетін төрт студент іріктеліп алынады. Кейіннен, әр оқу жылының соңында, студенттердің академиялық үлгерімі және олардың оқу орнының қоғамдық-пайдалы қызметіне қатысу нәтижелері бойынша келесі оқу жылына грнаттар беру туралы шешім қабылданатын болады. Сонымен қатар, ОАУ түлектеріне Сенека-Колледждің өзінде бір жылдық дипломнан кейінгі сертификаттық бағдарлама бойынша  дипломнан кейінгі екі грант беру көзделген.   
 
«ОАУ біздің оқу материалдарын әзірлеу жөніндегі серіктесіміз – Сенека-Колледжіне нарындық кампустың бакалаврлық бағдарламаларымыздың алғашқы студенттер ағынын қабылдауда қолдау көрсеткені үшін алығыс білдіреді. Бұл гранттар біздің қабілетті және ынталы оқушылардың, өздерінің экономикалық жағдайына қарамастан, барынша сапалы білім алуға құқылы екендігі туралы біздің пікірімізді дәлелдей түседі», - деп атады Гуманитарлық және нақты ғылымдар мектебінің деканы доктор Ариф Качра.
 
Бұл гранттық бағдарлама Университет өзінің алғашқы студенттері қабылдауды жүргізіп жатқан кезде, осы жылы басталады. Талапкерлердің, соның ішінде алыстағы ауыл аймақтарында тұратын мектеп оқушыларының көптеген өтініштері мен сұраулары бойынша ОАУ құжаттарлы тапсыру мерзімдерін 2016 жылдың 15 сәуіріне дейін ұзартты.   
 
ОАУ 2015 жылдың 7 шілдесінде Сенека-Колледжімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы меморандум аясында тараптар ағылшын тілі, математика және жаратылыстану-техникалық пәндер бойынша ОАУ Даярлық бағдарламасының тыңдаушылары үшін оқу жоспарларын әзірлейді. ОАУ Даярлық бағдарламасы ОАУ болашақ студенттерін бәсекеге қабілетті деңгейге жеткізу және ЖОО-да оқу кезінде табысты оқу және өз бетімен зерттеу жұмысын жүргізу үшін қажет болатын дағдыларды қалыптастыру және бекітуге көмектесуге арналған. ОАУ нарындық кампусының бакалаврлық бағдарламалар студенттерін алғашқы қабылдау осы күзде бастайды.   
 
Университет студенттердің таланты мен көп түрлілігі ОАУ академиялық қауымдастығын нығайтуға көмектесетіндігіне сенеді. ОАУ өңірдегі ірі ауқымды және ұзақ мерзімді инвестициялары ОАУ-не қабылдау қаржылық жағдайының негізінде емес, айрықша түрде талапкерлердің үлгерімі мен жеке қасиеттері негізінде жүзеге асырылуына бағытталған.   
 
ОАУ мен Сенека-Колледжі арасындағы серіктестік Канада Үкіметінің атынан Канаданың Сыртқы істер, сауда және өнеркәсіп министрлігі және Ага Хан Қорының канадалық өкілдігінің қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады.   
 
Канада Үкіметінің атынан Сыртқы істер, сауда және өнеркәсіп министрлігі мен Халықаралық даму проблемаларын зерттеу орталығы, ОАУ Мемлекеттік басқару және саясат институтын (МБСИ) құруға көмек көрсетуді қосқанда, Орталық Азия мен Ауғанстандағы бірнеше зерттеу және әдістемелік бастамаларға қолдау көрсетеді. Канаданың СІМ қолдауымен ОАУ Британдық Колумбия Университетімен, Карлтон Университеті және Альберта Университетімен серіктестік қатынастар орнатты.
 
Сіз өтінім формасын жүктей аласыз; толтырылған өтінім формасына қол қойып, келесі мекенжай бойынша 2016 жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей жіберу керек: apply@ucentralasia.org.  ОАУ қабылдау емтихандары мамыр айында өткізіледі, ал нәтижелері маусым айында жарияланады.
 
ОАУ оқу бағдарламалары туралы қосымша ақпаратты алу үшін веб-бетке келіңіз: www.ucentralasia.org/admissions. Бізбен электрондық пошта бойынша байланысуға болады: admissions@ucentralasia.org, немесе келесі телефондар бойынша қоңырау шалыңыз: +996 770 822 901 (Қырғыз Республикасы) +992 93 999 99 64 (Тәжікстан)  +7 777 822 3948 (Қазақстан).