Неліктен Нарын, Хорог және Текелі? ОАУ кампустары өңірдің торабында

Бұл мақала «Университетті таңдау» мақалалар топтамасының бөлігі болып табылады, онда талапкерлердің арасында көп тараған сұрақтар қаралып, оқу үшін аса қызықты мүмкіндіктер сипатталады. Осы мақалалар топтамасын Орталық Азия Университеті дайындаған, бұл оқу орны 2016 жылдың қыркүйек айында оқуды бастайтын өзінің алғашқы студенттерін қабылдауды жүргізіп жатыр. Көптеген талапкерлердің өтініші бойынша Университет өтінімдерді беру мерзімдерін 2016 жылдың 15 сәуіріне дейін ұзартты.
 
 
Әлемнің үздік университеттері студенттерге университет аумағында тұрақты тұрып, оқу мүмкіндігін ұсынады, себебі мұндай әдісті қолдану кезінде оқыту дәрісханалардың шегінен тыс жерде де өтетін болады. Зерттеулер нәтижелері студенттердің кампуста тұрып, оқыған жағдайында оқу үшін мүмкіндіктерді жақсырақ пайдаланатындығын көрсетеді. Орталық Азия Университеті оқу үшін кең, алуан түрлі мүмкіндіктерді ұсынады – оқуға деген жеке көзқарастан бастап халықаралық оқытушылық құрамның күшімен жүзеге асырылатын қауымдастықтардың негізіндегі білімдік жобаларға қатысуға дейін.  
 
Бұрынырақ, жетекші университетте оқу үшін астанаға бару керек болатын. Орталық Азия Университеті өз кампустарын таулы аймақтарда ашады – алғашқы болып өз есігін Нарын қаласындағы (Қырғыз Республикасы) кампус ашқалы отыр, содан кейін 2017 жылы Хорог (Тәжікстан) қаласындағы және 2019 жылы Текелі қаласындағы (Қазақстан) ОАУ кампустары ашылады. Университеттің аумағында тұрақты тұрып, оқу тәжірибесінің өзі Орталық Азия үшін айтарлықтай жаңа үрдіс, және студенттердің «Неліктен Нарын, Хорог және Текелі?» деген сұрақтары туындауы мүмкін.      
 
Нарын, Хорог және Текелідегі ОАУ кампустары үш елде орналасқан бір университетті құрайды. Бұл орналастыру жерлері арнайы таңдалды, өйткені олар Жібек жолы – тауарлар ғана емес, мәдениеттер және идеялармен алмасу үшін пайдаланылып келген сауда мен тасымалдардың тарихи маршрутының бойында орналасқан. Жібек жолының мұрасы кәсіпкерлік дағдылар мен міндеттерді шешу қабілеттіктерін дамытуға бағытталған ОАУ-дағы студенттерді оқытуға студенттік-бағытталған көзқарастың негізін құрайды. ОАУ студенттері өздерінің оқу бағыттары шеңберінде өңірдегі нақты проблемаларды шешу бойынша дағдыларды дамыту және нығайту үшін қоғамдық-пайдалы бастамаларды әзірлеп, енгізетін болады.   
 
ОАУ кампустары табиғаты көркем тау жерінде орналасқан, бұл студенттерге қоршаған орта мен қоғамды зерттеуге әрі орта және қоғаммен өзара әрекеттестікті орнатуға мүлде жаңа көзқарас қалыптастыру мүмкіндігін береді. ОАУ кампустарының қалалары – Нарын (Қырғызстан), Хорог (Тәжікстан) және Текелі (Қазақстан) мәдени, табиғи, әлеуметтік және аспаздық түрлілікке ие, білімдік экскурсиялар ұйымдастыру үшін көп мүмкіндіктер ұсынады, және өңірдің ең ірі қалаларымен жақсы көліктік қатынасу жүйесіне ие.  
 
Кампуста оқу және тұрумен қатар, Университеттің оқу процесі шағын топтарда өткізу әдісін пайдалануға құрылады, ондағы оқытуды шетелдік және отандық оқытушылар ең заманауи стандарттар бойынша жабдықталған оқу жайларында  жүргізеді. Барлық кампустың аумағы Интернет желісіне қосылады, студенттерге заманауи кітапханалар, зертханалар мен спорттық объектілер қызмет көрсетеді. ОАУ әр студентіне жаңа ноутбук берілетін болады.  
 
Үстіміздегі жылы Нарын қаласында жоғары білім беру мәселелері бойынша өткен форумның барысында Қырғыз Республикасының Премьер-министрі ОАУ-нің өз кампустарын таулы аймақтарды орналастыру туралы шешімін ерекше атап өтті, және Нарын қаласының елдің өңірлерін біріктіру үшін модель бола алатындығына назар аударды. Сондай-ақ, барлық ОАУ кампустарының өңірдегі басты экономикалық және саяси ойыншы - Қытай елімен 250 км қашықтықта орналасқандығын атап өту керек.     
 
Орталық Азия Университеттерін таулы аймақтарға орналастыру туралы шешім жоспарлы болды – кампустар технологиялар мен инновациялардың дәнекерлейтін аймақтық түйіндері болады, ал студенттердің өз елінің өмірімен астана шегінен тыс жерде танысу мүмкіндігі болатын жайт космополитизм және халықаралық көзқарастармен, сондай-ақ өңірдің жергілікті ерекшеліктерімен де жақсы таныс, болашақ көшбасшылар буынын қалыптастыруға көмектеседі.   
 
ОАУ оқуға түсу туралы қосымша ақпарат алу үшін біздің сайтқа келіңіз:  www.ucentralasia.org/admissions, немесе бізге электрондық пошта бойынша жазыңыз: admissions@ucentralasia.org, немесе келесі телефондар бойынша хабарласыңыз: +996 770 822 901(Қырғыз Республикасы),+992 93 999 99 64 (Тәжікстан Республикасы), +7 777 822 3948 (Қазақстан Республикасы).