ОАУ екінші жазғы лагері бүкіл өңірдің оныншы сынып оқушыларын қарсы алады

ОАУ Жазғы лагері студенттерді біріктіреді және оларға өздерінің академиялық білімдерін байыту мүмкіндігін ұсынады. Осы лагерь аясында олар ағылшын тілі мен математика пәні бойынша бойынша білімдерін жақсарта түседі, сондай-ақ жергілікті және халықаралық университеттерге түсу үшін айрықша маңызды көмек алатын болады. ОАУ құрылтайшылары болып табылатын үш елдің оқушылары жаңа достар табу және берік қатынастар орнату мүмкіндігіне ие болады.    

Жоғары академиялық көрсеткіштер негізінде қабылдаудың қатаң процедурасы 2016 жылдың мамыр айында басталып, 600-ге жуық ізденішулерді қамтыды, нәтижесінде осы жылы жазғы лагерьге баратын 10-шы сыныптардан 80 оқушыны іріктеп алу жүргізілді.   

Осы жылдың бағдарламасына қатысатын студенттер, тәлімгерлер мен оқытушыларды Ыстықкөл облысының әкімшілігі Жоғары білім беру бөлімінің өңірлік үйлестірушісі Женишбек Буракаевич Омуров мырза; Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің деканы д-р Дюйшон Шаматов; және Өнер және ғылымдар факультетінің деканы Арифф Качра  құттықтады.  

Ыстықкөл облысының әкімшілігі Орталық Азия студенттері мен ОАУ халықаралық командасының өкілдерін құтыттықтайды. Біз сіздерді құттықтай отырып, ОАУ өңірдің жастары арасындағы ынтымақтастықты қалай дамытып отырғандығын көруге қуанышты екендігімізді білдіргіміз келеді. Осы маңызды бағдарламаның арқасында болашақ ұрпақтар бірге жұмыс істеп, өз білімдерін нығайта алатын болады», - деді Омуров мырза.  

“Екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған жазғы лагерь 2016 жылы оқыту өтетін жерде тұрумен, бірегей оқу бағдарламасына қатысу үшін біздің құрылтайшы-мемлекеттердің әрқайсысынан озық оқушыларды біріктіреді. Оқытушылар мен консультанттар бүкіл дүние жүзінен келеді, қыркүйек айына жоспарланған Нарын қаласындағы біздің ОАУ бірінші қалашығының ашылуына орай бұл студенттер әлемдік санаттағы білім берудің қандай екендігін білудің ерекше мүмкіндігіне ие болады», - деді өнер және ғылымдар факультетінің деканы Арифф Качра.   

Лагерь өз жұмысын 2016 жылдың 9 тамызына дейін жалғастырады. Лагерьдегі сабақтар академиялық пәндерді басқа оқу сабақтарымен біріктіретін қызықты кесте бойынша өтетін болады. Қатысушылар күніне төрт сағат уақытын ағылшын тілі мен математиканы оқуға жұмсайтын болады.

Олар сондай-ақ тәжірибелік сабақтарға қатысып, университетке қалай түсу, негізгі мансаптық қызығушылықтарға қарай оқу бағытын қалай таңдау, және жоғары оқу орындарына түсу үшін талаптарды орындауға қалай дайындалу қажет екеніне арналған сабақтарды қосқанда, жоғары оқу орындарына табысты түсу үшін қажет болатын ресурстарды алады. 

Спорттық шаралар, тетарлық қойылымдар, дебаттар мен дала серуендеулерін қосқанда, барлық басқа сабақтар қатысушыларға ағылшын тілі бойынша дағдыларын іс жүзінде қолдану және жазғы лагерьдің басқа қатысушыларымен бірегей тәжірибемен алмасу үшін кең мүмкіндіктерді ұсынады. Сондай-ақ, биылғы жылы қатысушылар Нарын қаласындағы алғашқы ОАУ кампусына 2016 жылдың қыркүйек айында ашылуы тиіс ресми ашылу салтанатына дейін барудың бірегей мүмкіндігіне ие болады.   

2016 жылдың Жазғы лагерь командасын студенттер істері жөніндегі менеджер Эрик Краусс басқарады. Ол ОАУ-мен өзінің Солтүстік Америка, Еуропа жәнен Орталық Азияда атқарған 25 жылдан артық жұмыс тәжірибесімен бөліседі. Лагерь директоры, Канададан келген Фарра Камани жастар лагерьлеріндегі айтарлықтай жұмыс тәжірибесіне ие және де ол 2015 жылы ОАУ жазғы лагері директорының орынбасары ретінде қызмет еткеннен кейін, бұл жерге екінші рет келіп отыр.

Краусс және Камани жақсы дайындалған және тәжірибелі жиырма әкімшілер, мұғалімдер мен консультанттардан тұратын көп ұлтты командаға басшылық етеді. Мектеп оқушылары мен лагерь персоналы арасындағы арақатынасы бір адамға сегіз баладан  келеді. Сабақтар кезінде лагерь оқытушылары қатысушыларға ұсынылған оқу мүмкіндіктерін пайдалануына кепіл беру және олардың кестеден шықпауын қамтамасыз ету үшін консультанттармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтін болады. 

Биылғы жылы жазғы лагерь жұмысында сондай-ақ Тәжікстан, Қазақстан, Колумбия, Филиппиндер мен Германиядан келген жаңашылдық даярлық курсының оқытушылары қатысады. Сегіз оқытушы жақында ғана ОАУ серіктесі болып табылатын канадалық “Seneca” колледжінде оқытушылық жұмысқа үйрету мен оқу жоспарымен жұмыс істеудің  қарқынды оқыту бағдарламасынан өткеннен кейін қайтып келді.  

Қосымша ақпарат алу үшін біздің веб-сайтқа келіңіз: http://www.ucentralasia.org/Academics/SummerCamp2016