Орталық Азия Университеті Экономикалық Өсу Және Өңірлік Ынтымақтастықты Ынталандыру Шеңберінде Өзінің Алғашқы Кампусын Ашуда

Date: 19 October 2016
Нарын, Қырғыз Республикасы, 2016 жылғы 19 қазан: Орталық Азия Университеті (ОАУ) өңірдің таулы қауымдастықтарында даму үдеткіші болуы үшін құрылған болатын және де бүгінгі күні Нарын қаласында (Қырғыз Республикасы) өзінің бірінші кампусын ресми түрде ашты.

Нарын кампусының аумағындағы жаңа ғимараттар Қырғызстан Үкіметі сыйға берген жалпы аумағы 252 га құрайтын ауқымды жоспарды жүзеге асырудың алғашқы кезеңін айқындайды. Құрылыстың бірінші кезеңіне жалпы аумағы 14 000 м² болатын құрылыстарды салу кіреді, ол жерлерге 150 студент орналасады деп жоспарлануда. Оларға заманауи кабинеттер, кітапханалар мен зертханалар, қауіпсіз модульдік студенттік жатақханалар мен оқытушылар және кампус қызметкерлеріне арналған тұрғын жайлар, сондай-ақ халықаралық стандарттағы спорттық имараттар жатады. Қорытынды кезең аяқталған кезде кампус жалпы ауданы 125 000 м² құрайтын аумақты алатын болады және онда 1 200 студент орналастырылады.  



ОАУ атқарушы директоры Шамш Кассим-Лакха, Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков пен Жоғары Мәртебелі Ага Хан ескерткіш тақтаны ашылу рәсімінде.
Халықаралық үлгідегі дипломдар береді коммерциялық емес университет Ага Ханның Даму желі (АКДН) және Қазақстан, Қырғыз Республикасы және Тәжікстанның Үкіметтері арасындағы серіктестіктен тұрады.  

Президент Алмазбек Атамбаевтың қамқорлығымен өткен салтанатты рәсімді Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков және Жоғары Мәртебелі Ага Хан ашты.  

Премьер-министр Жээнбеков тікелей ОАУ студенттеріне сөз арнады, Университеттің өз түлектеріне болашақта түрлі салаларда көшбасшылар болуы үшін қажет білімдер мен дағдыларды баулып, үйрететіндігін хабарлады. Мұны «баршамыз үшін сыйлық» деп атай отырып, премьер-министр Жоғары Мәртебелі Ага Ханға оның ұзақ мерзімді жоспарлары үшін алғысын білдірді, және «еліміздің болашағы біздің жастардың қолында, сондықтан да сапалы білім кәсіптік білім прогрессивті жастардың даярлығына ықпал етуі тиіс» деген ой қосты. 

“Біздің осында барлық істеп жатқан ісіміз тек осы жерде, өңірде ғана емес, еліміздің шегінен тыс жердегі адамдарға болашақ үшін халықаралық ынтымақтастықтың құнды үлгі болары сөзсіз” – деді Жоғары Мәртебелі Ага Хан салтанатты шарада. «Осы Университеттің бөлігі болып табылатын барлық нәрсе – бұл тек білім күші ғана емес, халықаралық ынтымақтастықтың күші де болып табылады. Бұл – адамдардың өмірін өзгертуге қабілетті күш».  


Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан 300 аса қонақтардың арасында Үкімет өкілдері, Жоғары Мәртебелі Ага Хан отбасы мүшелері мен АКДН басшылығы болды.
Ол ОАУ «әдеттегі жас университет» емес екендігі туралы айтып, парламент депуттарынан бастап компьютерлік мамандарды 90 000 адамды оқытудан өткізген Кәсіптік және Үзіліссіз оқыту мектебінің қызметін ерекше атап өтті. Ол сондай-ақ  өңірдің дамуы үшін маңызды болатын міселелер бойынша халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты инновациялық зерттеулер жүргізе бастаған бүкіл Орталық Азиядан 77 басқа университет пен колледждерді, сонымен бірге Университеттің екі ғылыми-зерттеу филиалын – Мемлекеттік басқару және саясат институты мен Таулы қауымдастықтарды зерттеу институтының қолдауына ие болған гуманитарлық ғылымдар саласындағы Жобаны атап өтті. 

Жоғары Мәртебелі Ага Хан, осы маңызды оқиғаға үлкен мән бере отырып, Шамша Кассим-Лакха мырзаны ОАУ Қорғаншылар кеңесінің біріші төрағасы етіп тағайындады. 

Нарын кампусындағы жұмыстың басталуы осындай көлемдегі және міртебедегі кампустарды тәжікстандық Хорого қаласында (2017 жылға жоспарланған) және қазақстандық Текелі қаласындағы (ашылуы 2019 жылға күтіліп отыр) құрылыспен бірге жүретін болады.   

Нарын қаласындағы бакалавриат студенттері академиялық үлгерім негізінде мен қажеттілікті ескере отырып, конкурстық іріктеудің ашық рәсімінен өтіп, алғашқы ағындағы өзінің лайықты орнын иеленді. Университет 2021 жылғы шығарылымның әр студентіне қаржылық көмек көрсетеді; қабылдау емтихандарының талаптарына қанағаттанарлық баға алған ешбір студентке экономикалық жағйына байланысты қабылдаудан бас тартылмады. ОАУ оқушылары бүкіл Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Қазақстан, Пәкістан мен Ауғанстанның ірі қалалық орталықтары, сондай-ақ шағын қалалар мен ауылдарынан келді. 2016 жылдың қыркүйек айында оқуға түскен алғашқы ағынның 40 пайызына жуық (71) студенті – қыздар.



Тәжікстаннан келген студент Эрадж Узоков, 2021 жылғы түлектерінің өкілі, қатысушыларға арнап сөз сөйлеуде.
Жиналғандарға сөз арнай отырып, Нарын кампусының студенті Эрадж Узоков былай деп атап өтті: «Түрлі елдердің өкілдері болып тек менің топтастарым ғана емес, университеттегі біздің оқытушылар мен қызметкерлер де табылады. Олар Канада, АҚШ, Филиппины, Германия, Әзірбайжан мен Пәкістан, сондай-ақ Қырғызстан, Тәжікстан мен Қазақстан сияқты жақын елдерден келген. Жоғары мәртебелі, Сіз көптеген жылдар бойы бүкіл дүние жүзіндегі плюрализм мен алуан түрлілікті жақтап келдіңіз, және де мен Нарын кампусының Сіздің алған қойған міндетіңіздің іске асуы деп бар сеніммен айтамын»

Қазақстан Республикасы Парламент сенатының депутаты, Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің басшысы Дариға Назарбаева Орталық Азия Университетінің Канцлері атына университеттің алғашқы кампусының ашылуына байланысты құттықтау хат жолдады, онда бұл шара «бүкіл Орталық Азия өңірі үшін маңызды кезең ... бұл трансұлттық жобаны жүзеге асыру өңірдегі тату көршілес қатынастарды одан әрі нығайту үшін қолайлы негіз болып, біздің елдер халықтарының игілігіе қызмет етеді» делінген.   

ОАУ үш кампусының Орталық Азия өңіріне болжамдалатын ықпалы 750 АҚШ млн. доллардан асады. ОАУ құрылыстың бірінші кезеңінде Қырғыз Республикасында 600 жаңа жұмыс орнын (сондай-ақ Тәжікстанның құрылыс учаскесінде 800 жұмыс орнын) ашты. Университет қолданатын жоспарлау мен құрылысқа деген көзқарас жергілікті экономиканы жергілікті және өңірлік материалдарды пайдалану, істеп тұрған кәсіпорындарды нығайту және жаңа кәсіпорындарды ашуға көмек көрсету арқылы дамытуды ынталандырудың одан да ауықымды стратегиясының бөлігі болып табылады.    

Салтанатты рәсімнен кейін Премьер-министр мен Жоғары Мәртебелі Ага Хан Нарын облысының губернаторы Аманбай Кайыповпен бірге Нарын қаласының оралығына Сейитаалы Жакыпов атындағы саябақты салтанатты ашу үшін келді. АКДН ұйымының Нарын қаласы алдындағы көлемді міндеттемелері шеңберінде Ага Ханның Мәдениет жөніндегі Трасты саябақты толығымен жөндеп. Оны демалу, ойын мен спорттық шаралар үшін тартымды орынға айналдырды. Жақын маңда орналасқан Емдеу-диагностикалық орталығын Ага Ханның денсаулық сақтау қызметтері салған.