Жоғары Мәртебелі Ага Хан Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевтан «Данакер» орденін алды

Date: 20 October 2016
Өзінің Қырғызстанға ресми сапарының бірінші күні Жоғары Мәртебелі Ага Хан «Данакер» орденіне ұсынылды. Бұл марапатты оған Жоғары Мәртебелі Алмазбек Атамбаев, Қырғыз Респуликасының Президенті тапсырды. Орден шетелдік азаматтың бейбітшілікті, достық пен халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлкен үлес қосқандығы үшін және ұлтаралық келісімді нығайту мен ұлттық мәдениеттерді өзара байыту жөніндегі атқарған жұмысын аса жоғары дәрежеде қадірлеудің белгісі болып табылады. 

Президент Жоғары Мәртебелі Ага Ханның бүкіл өңір бойынша даму ісіне берілгендігі мен қосқан үлесін жоғары бағалады. «Мен үшін «Данакер» орденін Жоғары Мәртебелі Ага Ханға тапсыру үлкен құрмет” – деп атап өтті Президент Атамбаев. “Данакер” адамдарды, халықтар мен елдерді біріктіретін тұлғаларға көрсетілетін құрметтің белгісі болып табылады. Қырғызстан халқы және өз атымнан мен Сіздің АКДН қоры арқылы білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мен басқа түрлі салаларға қосқан үлесіңіз бен көрсеткен қолдауыңыз үшін шын жүректен алғысымызды білдіргім келеді». 

АКДН елде 2001 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның Қырғыз Республикасының барлық жеті облысында жүзеге асырылатын бағдарламалары экономикалық тұрғыдан белсенді, саяси тұрақты және зияткерлік және мәдени жағынан жарқын елдің дамуына ықпал етеді. АКДН ұйымында білім беру, денсаулық сақтау, экономикалық даму, микроқаржыландыру, ауыл шаруашылығын дамыту және мәдени мұраны сақтау салаларында еңбек ететін Қырғызстанның 1500 азаматы жұмыспен қамтылған.  

“Мен Жоғары Мәртебелі Президентке осындай көрсетілген қабылдау мен құрмет үшін алғысымды білдіремін. Мен ұзақ жылдық серіктестік пен жаһандық ойлау қасиеті мен бүгінгі таңда маңызды мәселелердің бірі болып табылатын плюрализмімен ерекшеленетін ел - Қырғызстан халқы үшін даму саласындағы мақсаттарға жетудегі табыстарға үміттенемін”– деді Жоғары Мәртебелі Ага Хан сыйлықты тапсырғаннан кейін. 

Жоғары Мәртебелі Ага Хан исмаилиттердің мұсылмандық қауымдастығының 49-шы мұрагер Имамы (рухани көшбасшысы) болып табылады. Өзінің міндеттері шеңберінде  Жоғары Мәртебелі Ага Хан 60 жылға жуық бүкіл дүние жүзі бойынша Ага Ханның Даму Желісі (АКДН) қызметінің аясында елдерді дамыту ісімен айналысып келеді. Ага Хан Қырғызстанға Жоғары Мәртебелі Ага Хан және Тәжікстан Қырғызстан және Қазақстан Президенттері қол қойған шартқа сәйкес құрылған Орталық Азия Университеті – жекеменшік зайырлы оқу орнының  нарындық кампусының ашылу рәсімі үшін келді.

Күн барысында Жоғары Мәртебелі Ага Хан Жогорку Кенеш Спикері Чыныбай Турсунбековпен және Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Жоғары Мәртебелі Сооронбай Жээнбековпен кездесті. Кешке Ага Хан және оның отбасының мүшелерін Президент Атамбаев пен оның жұбайы кешкі асқа шақырды.