Орталық Азия Университеті Нарын қаласындағы кампуста алғашқы инаугурациялық Ашық есік күнін өткізеді

Date: 06 December 2016
Other languages: English | Русский язык |

Орталық Азия Университетінің Өнер және ғылымдар мектебі Қырғыз Республикасы Нарын қаласында 2016 жылдың 4 желтоқсанында университеттің студенттік қалашықтың бірінші кампусында өзінің Ашық есік күндері кезінде 300 аса келушілерді қабылдады.   

Доктор Диана Пауна, Өнер және ғылымдар мектебінің деканы: «Бұл оқиға ОАУ өмірін көрсетіп, қатал академиктер мен мұқият безендірілген оқу жайларынан  бастап ең жаңа спорттық имараттар және қызықты факультативтік жағдайлар, ресми емес әлеуметтік-тұрмыстық мүмкіндіктерге дейін жан-жақты танысуға мүмкіндік берді».

«Студенттер санының өңірдегі оқытушылық құрам санынан ең аз арақатынасы жағдайында, және түрлі елдерден келген көптеген студенттерден тұратын оқушылар контигентімен бірге, біздің оқыту сапасы студенттердің тұру жағдайларымен бірге өз саласында шын мәнінде бірегей болып табылады».    

11 сынып оқушылары, ата-аналар мен Қырғызстанның және оның шегінен тыс жердегі жалпы білім беретін мектептерінің әкімшілік қызметкерлері үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды. Бір күндік шара кезінде оқушылар мен олардың ата-аналары ОАУ негізгі мамандану салаларымен танысты: Коммуникациялар мен бұқаралық ақпарат құралдары; Компьютерлік ғылым; Жер және қоршаған орта туралы ғылым.

Суюмкан Бутунбаев: «Мен ОАУ туралы Қырғызстандағы көптеген адамдардан естідім. Мен осы Ашық есік күніне келгеніме қуаныштымын, маған шынымен де осы оқу орнының оқытушылары және материалдық-техникалық қоры ұнады. Бұрынырақ мен өз балама осы жерде оқуға мүмкіндік беруім керек пе деп ойлап келген едім, бірақ қазір, осы жерге өзім келгеннен кейін мен бұл жоспарды жүзеге асыру керек екендігіне сенімдімін. Бұл менің баламның оқуы үшін ең үздік орын».  

Қонақтар сондай-ақ университеттің ғимараттары мен басқа да құрылыстарына барып, оның Бағдарламаларымен танысты, және де семинарларға қатысты, ОАУ оқытушылары мен қызметкерлері университеттік қалашықтың кампусы, оның ішінде – Дайындық бағдарламасы туралы, түрлі мамандықтар бойынша қандай ғылыми дәрежелер алуға болатындығы, оқуға түсу үшін қойылатын талаптар мен қаржылық көмектің түрлі жолдары туралы толық әңгімелеп берді. «Студенттік өмір, өмір ауіпсіздігінің негіздері мен валеология» клубын басқаратын «Сынып - 2021» тобының студенттері университетке келген жастарға студенттік қалашықтың өмірін көрсету үшін бірқатар шараларды ұйымдастырды.    

Ашық есік күні ОАУ-не 2017-2018 оқу жылына оқуға түсу бойынша науқанның басталуына арқау болды. Оқу қабылдауға өтінімдер қазіргі уақытта өз қызметін 2016 жылдың қыркүйек айында бастаған ОАУ Нарын қаласындағы кампусында, сондай-ақ өз есігін 2017 жылдың қыркүйек айындай бастайтын ОАУ Тәжікстанның Хорог қаласындағы кампусында тапсыруға болады.    

Қабылдау шарттары мен нысандары бойынша қосымша ақпаратты алу үшін келесі вебсайтқа келіңіз: www.ucentralasia.org/Admissions немесе келесі электрондық пошта бойынша байланысыңыз: admissions@ucentralasia.org

Ақпаратты алуға сұраулар беру үшін келесі телефондар бойынша қоңырау шалыңыз: 
Қырғыз Республикасы: +996 312 663 822 / +996 770 822 901 
Тәжікстан: +992 93 999 99 64
Қазақстан: +7 777 822 3948

Бегимай Иманкулова
«Мен Нарын қаласында осындай жоғары техникалық деңгейдегі заманауи университетті көремін деп ешқашан ойламаппын. Мен қатты таңғалдым, және де, сөзсіз, ОАУ-не оқуға түсу үшін бар күшімді саламын. Мен ОАУ туралы мектепте өткізілген презентациядан, сондай-ақ Ашық еіск күніне келгеннен кейін білдім. Енді осы оқу орнының қаншалықты тамаша жасалғандығын түсініп отырмын».

Тилек Токторов
«Мен ОАУ Ашық есік күні туралы Фейсбуктан білдім. Мен бұған дейін ешқашан кампустың бірде бір суретін көрмеппін. Мен кампусқа кірген кезде ең бірінші ойым осы ОАУ кампусын көруге келгенім қандай жақсы болды деген ой болды. Маған кампус ұнайды, мен табиғатты жақсы көремін, мен студенттерді жақсы көремін, маған профессорлар ұнайды. Маған барлығы ұнады. Мен келесі жылы осы жерде оқитын боламын деп шештім».

Дастан Орозбаев
«Менің көзқарасым бойынша Нарын қаласындағы ОАУ кампусы – бұл болашақтың ортасы. Мен осындай университеттің Нарын қаласында салынғанына сене алмаспын. Қазіргі уақытта мен Қырғызстанда осындай тамаша университеттің бар екендігіне сондай бақыттымын».