Нарын қаласындағы баскетбол матчының айналасындағы оқиғалар қайтадан үдей түсті

Эмоциялар толқып-тасып, кемерінен асты, Нарын, 8 маусым, Орталық Азия Университетінің баскетбол командасы мен Нарын қаласының командасы өз жанжалының мәресіне жетті – нәтижесінде барлық дау-тартыс екі тараптың ымыраға келуімен аяқталды. 

27 мамыр күні Нарын қаласындағы кампус аумағында баскетбол матчы барысында ОАУ командасы мен Нарын қаласының баскетбол командалары арасында төбелес орын алды. Командалар құрамында Нарын мемлекеттік университетінің студенттері мен Нарын спорт мектебі оқушылары кірді. Бұл жағдайды ойынға қатысып отырған ОАУ оқытушылар шешті, және командалар қандай да бір кейінгі оқиғаларсыз алаңнан қайтқан болатын.     

Кеше, 8 маусым күні, ОАУ бірнеге студенті Нарын қаласында оқу тапсырмасымен болған кезінде оларды Нарын қаласының баскетбол командасының бірнеше ойыншысы танып қояды. Сөзбен керілдесу физикалық зәбір көрсету қоқан-лоқыға ұласты. Нарындық студенттер жедел түрде көмекке жақтастарын шақыра қойды, енді көп ұзамай бұл жерде 80 адамнан тұратын тобыр жинала қалды, олардың басым бөлігі жай ғана қолдау үшін жиналып, мәселенің мән-жайынан бейхабар еді.   

Барлық дау-дамайды шешу үшін ОАУ кампустан тыс ғимаратына бару ұсынылды. Кездесуге Нарын облысының Губернаторы, Нарын қаласының мэр-басшысы, ОАУ Гуманитарлық және нақты ғылымдар мектебінің деканы, сондай-ақ жергілікті қауымдастықтың бірнеше жетекшілері қатысты. Губернатордың ақылға келу керектігі туралы сөздері назарға алынбады. Қаталданып сөз таласудан кейін тыныштықты сақтау және кәдімгі адами әдепке сүйене отырып, негізгі оқиғалардың ортасында болған ОАУ студенттері баскетбол матчы кезінде орын алған қақтығыс үшін кешірім сұрады, және бұдан кейін топ тарай бастады.   


Нарын командасының өкілдері ОАУ-нен кешірім сұрады
Осы уақыт бойы ОАУ Нарын қаласының губернаторы және Нарын қаласының мэрымен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді, аталған жағдайды достық ниетті шешімге келуге тырысады. Бүгін губернатор және жоғары лауазымды тұлғалармен бірге Нарын қаласындағы кампусқа студенттер делегациясы келді, олардың екі өкілі ОАУ басшылығына кешегі келеңсіз жағдай үшін кешірім өтінді. Губернатор ОАУ ұжымына Нарын қаласына берген пайдасы үшін алғыс білдірді және жиналғандардан өзара «татулық көпірлерін» құруға шақырды. Кездесу екі тараптан да кешірім өтінумен аықталды.  

Бішкек және Нарын қалаларының мемлекеттік органдарымен тығыз өзара ынтымақтастықта тиісті шаралар қабылдау және келешекте осындай ұрыс-таластың алдын алу үшін оқиға себептерін тексеруді жалғастыруда.