Орталық Азия Университетінің Жазғы лагері қабілетті мектеп оқушыларын тартуды жоспарлап отыр

Алдағы жазда Орталық Азияның 10 сыныптарының дарынды оқушылары Орталық Азия Университетінің (ОАУ) білімдерді жетілдіру бойынша бағдарламасына қатыса алады.

ОАУ жазғы лагері 17 маусымнан 7 шілдеге дейін Қырғыз Республикасы, Ыстықкөл көлінің «Синегорье» пансионатында өтетін болады. Табиғаттың сұлу жерінде орналасқан лагерь мектеп оқушыларын университеттерге түсу емтихандарына дайындауға бағытталған бірқатар шараларды өткізетін алаң болып табылады. Шараларды арнайы дайындалған және тәжірибелі оқытушылар мен жетекшілерден тұратын халықаралық команда өткізетін болады. Персоналдың лагерь қатысушыларына арақатынасы 1:5.

«Жазғы лагерь – бұл біздің Нарын қаласындағы 2016 жылы алғашқы кампусын ашудың қарсаңындағы университеттің жоғары сыныптардың қабілетті оқушыларын анықтау мен тарту бойынша кешенді әдістерінің бір ғана құрамдасы», – деп түсініктеме берді ОАУ академиялық мәселелер жөніндегі деканы, д-р Арифф Качра. «Лагерьдің көмегімен біз мектеп оқушыларының ОАУ  немесе басқа да шетелдік немесе өңірлік университет болсын, жоғары оқу орындарына табысты түсуі үшін қолдау көрсетуге үміттенеміз». 
Лагерь оқушылардың ағылшын тілі мен математика пәндері бойынша білімдерін халықаралық деңгейге дейін арттыру, сондай-ақ олардың халықаралық деңгейде жоғары білім алуына дайындығын қамтамасыз ету үшін арналған.  Білімдерді жетілдіру – лагерьдің негізгі міндеті. Қатысушылар ағылшын тілі мен математиканы білім саласындағы канадалық және американдық сарапшылар әзірлеген және Орталық Азия елдері оқушыларының қажеттіліктерін ескере отырып, бейімделген бағдарлама бойынша үйренетін болады. Ағылшын тілін тіл иеленушілері оқытатын болады.  
 
Сонымен қатар, оларға университеттерге түсу үшін мүмкіндіктерді жоспарлау және кеңейту үшін қажет ақпарат пен ресурстар ұсынылады. Бұған сарапшылар өткізетін арнайы сабақтар кіреді, бұл сабақтардың барысында оқушылар университеттерге оқуға өтінімдерді қалай беру керек, мансаптық мүдделерді ескере отырып, қандай оқыту бағдарламасын таңдау керек, сондай-ақ университеттерге түсу емтихандарына қалай дайындалу керек екендігін үйренеді. Лагерь негізінде оқушыларға өздерінің академиялық қызығушылықтары мен қабілеттерін, сондай-ақ мансаптық жоспарларын бағалауда көмек көрсету үшін бейіндік бағыттану кеші өткізіледі.     
 
Қатысушыларға Орталық Азия және шет елдерінің оқытушыларымен кездесу мүмкіндігі ұсынылады. Лагерь аяқталғаннан кейін әр қатысушы скайп бағдарламасының көмегімен байланыс жасау үшін Канада немесе АҚШ-тағы жетекшіге бекітілетін болады. Ол оқытушы халықаралық санаттағы оқу орнына дайындалу және түсу мәселелері бойынша жүйелі түрде консультациялар беретін болады. 
 
Қатысушыларға ағылшын тілі бойынша дағдыларын дамыту мүмкіндігін ұсыну мақсатында оқудан тыс шаралар ағылшын тілінде өткізілетін болады. Осындай шаралардың санына спорттық жарыстар, жарыссөздер, қойылымдар, фильмдерді көрсету, музыка кеші және, Ыстықкөл көлнің айналасындағы көрікті жерлермен танысу үшін серуендеулер кіреді.    
 
ОАУ жазғы лагері – Тәжікстан, Қырғыз Республикасы және Қазақстан мектептерінің 10 сынып оқушыларының ағылшын және математика пәндері бойынша білімдерін арттыруға арналған үш апталық білімдік лагері. Лагерьге қатысу үшін қызығушылық танытқан оқушыларға логика, ағылшын тілі және математика бойынша шағын тестілеуден табысты өту қажет. Тестілеу 2015 жылдың 28, 29 наурызы, сондай-ақ 4, 5, 11 және 12 сәуір күндері өтеді.  
 
Өтінімдерді беру тәртібі, тестілеуді өткізу орындары мен күндері туралы толығырақ ақпарат www.ucentralasia.org/summercamp сайтында ұсынылған. Соңғы жаңалықтарды алу үшін bit.ly/ucacampform таратылымына жазылыңыз, немесе жазғы лагерь қызметкерлері командасынан толық ақпаратты тікелей алу үшін  +996 770 822 901 нөміріне қоңырау шалыңыз немесе СМС жіберіңіз.