ОАУ Жазғы лагері ең үздіктерді жинайды

Жоғары оқу орнына табысты түсудің бірнеше факторы бар. Олардың көп бөлігі сізге университетте оқуда алдыңғы қатарда болуға көмектеседі және табысты кәсіби мансап құру үшін негізді қалайды. Оларға сіздің мақсаттарыңызды анықтау, сіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды бағалау, математика және шет тілдерін үйрену саласындағы негізгі дағдыларды жақсарту, және, ең маңыздысы, болашақ жоспарларын құру жатады. 
 
2015 жылғы наурыз және сәуір айларының төрт аптасы бойы демалыс күндері бүкіл Орталық Азияның 850 оныншы сынып оқушылары білімдер мен тәжірибені арту бойынша бірегей бағдарламаға – Орталық Азия Университетінің (ОАУ) Жазғы лагеріне қатысуға өтінімдерді бере отырып, өздерінің көрегенділігін танытты.  
 
«Неге» деген сұраққа мектеп оқушыларының бірі бұл бағдарлама өте қызықтырды деп жауап қайтарды: “Бұл лагерь басқаларға қарағанда өзгеше; ол мектеп сияқты жай оқу пәндерін ұсынып қана қоймай, маған келешекте университетке оқуға қалай түсуге болатындығын білуге көмектеседі, және басқа елдерден келген оқушылар және оқытушылармен танысуға мүмкіндік береді».  
 
Басқа оқушы былай деп жауап берді: “Өзінің болашағын туралы ойлау білу - еліктіреді”.
Тәжікстан, Қырғыз Республикасы және Қазақстан Республикасы бойынша сегіз үлкен және шағын қалаларындағы тестілеу орталықтарына жинала отырып, бұл талапты оқушылар мен басқа да қатысушылар Қырғыз Республикасының Ыстықкөл көлінің жағалауында 17 маусымнан бастап 7 шілдеге дейін өтетін ОАУ Жазғы лагерінің сексен күткен орнының біріне ие болу үшін мұқият іріктеу кезеңінен өтті. 
 
“Жазғы лагерьге қабылдау кезіндегі тестілеу келесі жылы ОАУ-нің Нарын кампусын ашылуы алдындағы қабылдау емтихандарынан өту үшін «басты жаттығу» болғандықтан, тестілеу шарттары адал және ашық болғандығына көп көңіл бөлінді», - деп түсіндірді ОАУ оқу ісі жөніндегі проректоры, доктор Арифф Качра. “Біз, азаматтығы, экономикалық жағдайы, жынысы мен қалалық немесе ауыл тұрғындарының санына жататындығына қарамастан, қызығушылық танытқан студенттердің барлығының қатысу мүмкіндігі бар екендігіне көзімізді жеткізгіміз келді. Сонымен қатар, біз ұсынылған тараптардың теңдестігін қамтамасыз етуге аса мүдделі болдық».
  
Қабылдау рәсімі Жазғы лагерьде оқыту үшін мектептен тыс сабақтар мен жетістіктерге сүйене отырып, сыныптан тыс оқу үшін білуге құмарлықпен қатар, ағылшын тілі, математика және логика бойынша жоғары академиялық үлгерім көрсеткен мектеп оқушыларынан тұратын репрезентативтік бірінші курсты іріктеп алатындай етіп, әзірленді. 
 
Кешендік үш сағаттық қабылдау тестілерін 30-дан аса арнайы дайындалған емтихан қабылдаушылар өткізді. Халықаралық сарапшылар әзірлеген тестілердің құрамына халықаралық тестілер мен Орталық Азияның оқу бағдарламаларының компоненттері кірді. Тестілерде сипаттау жауаптарының шектелмеген санына рұқсат беретін ашық сұрақтар, сондай-ақ бірнеше ықтималды жауаптардың ішінен дұрыс жауапты таңдауға тапсырмалар болды, және олар тілдік және мәдени қорына байланысты когнитивтік қабілеттерін бағалауға арналды.  
 
“Бұл өте күрделі болды. Бұрынырақ мен логика туралы ешқашан ойланбағанмын» -  деді оқушылардың бірі.  
 
Тестілеуден кейін, құрамына білім беру саласында істейтін Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстан және Канаданың сарапшылары кіретін, сегіз мүшеден тұратын қабылдау комиссиясы нәтижелер мен үміткерлердің қалған материалдарын зерделеді. Іріктеудің әділ өтуін қамтамасыз ету үшін барлық аты-жөндер алынып тасталды, ал үміткерлер олардың үлгерімі мен жетістіктеріне негізделген кешендік рейтингілік процестің көмегімен бағаланды. Оқушылар контингенті репрезентативтік болуы үшін комиссия шыққан елі, жынысы мен қалалық/ауылдық тұрғындарға жататындығын да ескерді. Нәтижесінде 80 үміткер іріктеліп алынды.   
 
“Қатаң іріктеу процесі, біздің ойымызша, алғашқы жазғы лагерь оқушыларының, лагерь ұсынып отырған ресурстар мен мүмкіндіктерді пайдаланып қана қоймай, оларды арттыра алатын контингентіне алып келді», - деді Качра. “Біздің жазғы лагерьдің командасы Орталық Азияның осы дарынды, жас және талапты өкілдерімен ынтымақтастық орнатуды және оларға өз болашақтарын қалыптастыруға көмектесуді көздеп отыр». 
 
Іріктеуден өтпеген мектеп оқушыларымен жедел түрде байланысып, жақсартуды қажет ететін бағыттарға қатысты ұсыныстармен қатар, олардың қол жеткізген жетістіктері туралы хабарланды. Сонымен қатар, Жазғы лагерьге өтпеген оқушыларға жоғары білім алумен байланысты өздерінің мақсаттары, және ОАУ-не түсу туралы ойлауды жалғастыру қажет. Жазғы лагерьге қабылдау сияқты, ОАУ-не бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуға түсу қатаң түрде өткізіледі және академиялық көрсеткіштерге негізделетін болады. 
 
ОАУ Жазғы лагері – оған қатысу кезінде тұратын орын берілетін, Тәжікстан, Қырғыз Республикасы және Қазақстан Республикасынан келген 10 сынып оқушыларының білімдерін арттыру, математика және ағылшын тілі саласындағы дағдыларын кеңейтуге және олардың әлемдік санаттағы университетте оқуға дайын екендігіне көз жеткізуге бағытталған үш апталық лагерь. Жазғы лагерьдің оқу бағдарламалары білім саласындағы солтүстік америкалық мамандарымен әзірленді және Орталық Азиядан шыққан оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, бейімделген, сондай-ақ ағылшын тілін сол тілдің иегерлері оқытатын болады.  
 
Қатысушылар университетке түсу кезінде өз мүмкіндіктерін арттыруға арналған ақпарат пен ресурстарға ие болады, соның ішінде университетке қалай түсу болатындығы, кәсіби қызығушылықтарына қарай оқу бағдарламасын таңдау, және университетке түсумен байланысты талаптарға дайындалуға арналған сабақтарға қатысады. Ағылшын тілінде өтетін сабақтардың басқа түрлері болып дене шынықтыру пәні, театр үйірмесі, пікір сайыстары мен серуендеулер табылады. ОАУ Жазғы лагері қауіпсіз және көрікті жерде өтеді, мұнда қатысушылар көп ұлтты білікті және тәжірибелі оқытушылар мен тәрбиешілер командасының қарауында болады.