ОАУ Жазғы лагерінің тәлімгерлері зор үлес қосуға дайын

Егер сіз Ыстықкөлдің солтүстік жағалауына барсаңыз, көк түсті футболкалар киген дүние жүзінің түрлі елдерінен келген екпінді жас адамдар тобын кездестіруіңіз мүмкін. Олар Орталық Азия Университетінің (ОАУ) жазғы лагеріндегі мектеп оқушыларына қарайды. 
 
Бұл бес қыз бен бес жас жігіт ОАУ жазғы лагерінің тәлімгерлер ұжымын құрайды. Олардың барлығы 20-29 жаста, Тәжікстан, Қырғызстан, Австрия, Канада, Ұлыбритания және Америка Құрама Штаттарынан келген.  
 
Әлемнің түрлі елдерінен келген осындай жас адамдардың түрлі тобын Ыстықкөлдің жағасында не табыстырды екен?  
 
Тәжікстаннан келген 24 жастағы Фируза Умарова Орталық Азияның дамуына өз үлесін қосуға батыл ниетін басшылыққа алып отыр. «Мен осы жерде туып өстім. Маған жақсы білім алу бақыты бұйырды, сондықтан да мен өз дағдыларым мен білімімді қоғам игілігіне жарату үшін жауапкершілікті сезінемін».  
 
«Білім өте маңызды рөлді атқарады, - деп жалғастырды Фируза.  – Мен лагерь қатысушылары өз болашақтарының өз қолында екендігін сезінсе деймін. Олар өз өмірін өздері құратын болады. Әсіресе қыздарға өздеріне шектеулер қойып, келешегін байламау керек екенін айтқым келеді».  
 
Фируза Умарова (Тәжікстан) өзінің сурет салу альбомымен, өзінің өнерге және Ыстықкөлдің әдемі табиғатына деген сүйіспеншілік сезімінен шабыт алады.
 
Фируза Тәжік Ұлттық Университетінің экономика факультетін бітірген және даму секторында еңбек еткен. Ол студенттік алмасудың өңірлік және халықаралық бағдарламаларына қатысқан, бір жыл бойы АҚШ-та оқыған, сондай-ақ халықаралық жастар конференцияларына қатысқан. Өзінің сүйікті пәні – математикамен қатар, ол өнерге қызығады, және кескіндеме мен сурет салуды үйреніп жүр.   
 
ОАУ жазғы лагерінің ашылу салтанатында Фируза Тәжікстанның Қырғыз Республикасындағы Елшісі Олим Рахимов мырзамен кездесті және оны Тәжікстаннан келген қатысушыларға таныстырды. Жазғы лагерьлерге қатысу тәжірибесін еске ала отырып, Рахимов Фирузаның көзқарасын нықтай түсті:  «Осы лагерьге қатысудың мақсаты - ағылшын тілі және математика пәні бойынша білімдерді жетілдіруде ғана емес, халықаралық диалог пен өңірлік достықты нығайтуға жағдай жасауда». 
 
Тәжікстанның Қырғыз Республикасындағы Елшісі Олим Рахимов мырза Тәжікстаннан келген қатысушы Сакина Махмудовамен ОАУ жазғы лагерінің ашылу салтанаты кезінде әңгімелесуде.
 
Қырғызстан мен Қазақстан атынан өкілдік еткен Айсулуу Кудайбердиева сондай-ақ өңірлік бірігу идеясы мен Умарованың өңірдің дамуына өз үлесін қатысу ниетін бөліседі. Ол лагерь қатысушыларына осындай қағидаттарды баулуға үміттенеді: «Мен қатысушыларды әлем азаматы болуға және ұлы істер жасауға шақырғым келеді. Бәрінен де мен оларды өз елі мен қоғамын жақсы жағына қарай өзгертуге рухтандырғым келеді».   
Айсулуу Кудайбердиева (Қырғызстан) Ыстықкөл көлінің жағасында сұлу табиғатты тамашалауда.
 
Айсулуу 21 жаста және Бішкек қаласындағы «Ататүрік-Ала-Тоо» Халықаралық Университетінің іскерлік әкімшіліктендіру факультетінің үшінші курсында оқиды. Ол бес тілді меңгерген, пікірсайыстардың тәжірибелі қатысушысы, Қырғызстанның семсерлесу спорты бойынша чемпионы. Сонымен қатар, ол балалар мерекелерін ұйымдастыру саласындағы меншік бизнеске ие. «Сүйікті ісіңмен айналыс» деген сөздер –мен үшін жай ғана сөз емес, менің өмір сүру салтым болып табылады», - деп өз ойымен бөлісті  Айсулуу. 
 
Аласдэйр Андерсон, 24 жаста, жастармен Шотландиядағы Эдинбург Университетін аяқтағаннан кейін жұмыс істей бастады. Ол ОАУ туралы естіп, жазғы лагерьде жұмыс істеу үшін Ұлыбританиядан келді: «ОАУ туралы ой мені шабыттандырды, мен осы лагерьге қатысқаныма өте қуаныштымын». 
 
Аласдэйр Андерсон өзінің сүйікті көлігімен. ОАУ жазғы лагері аяқталған кезде Аласдэйр Ұлыбританияға велосипедпен қайтуды жоспарлайды!
 
Бұл Аласдэйрдің Орталық Азияға бірінші рет келуі емес. 2013 және 2014 жж. ол Еуропалық Одақтың бағыты бойынша Қырғызстанда ағылшын тілінен сабақ берді. Ол қайта келу мүмкіндігін жібермеді, және өз ойын айтты: «Орталық Азияның табиғаты өте көркем, ол географиялық тұрғыдан алыс орналасқан және ерекше. Мен жергілікті адамдардың жылы шырайылығы, төзімділігі мен көңілдерінің тазалығынан жігерленемін». 
 
Аласдэйр осылайша өзінің қарауындағы лагерь қатысушыларын да жігерлендіруге үміттенеді. Дарынды музыкант Аласдэйр спортпен және жаяу серуендеулер, тауға шығу және велосипедпен жүру сияқты демалудың белсенді түрлерімен де әуестенеді. Айтпақшы, ОАУ жазғы лагері аяқталған кезде Аласдэйр Ұлыбританияға … өзінің велосипедімен қайтуды жоспарлап отыр!
 
Халид Кешавджи, 20 жаста, Канададан келді. ОАУ жазғы лагерь ұжымының мүшесі болуды өте қатты тілеген екен. «Мен мектеп оқушыларымен жұмыс істеп, оларға өз білімдерін жақсартуға көмектескім келеді. Мен лагерьді – мектеп оқушыларына мектепте оқытпайтын дағдыларды берудің жақсы жолы деп санаймын. Оның үстіне, бұл мектеп оқушыларының жан-жақты дамуын қамтамасыз етудің тамаша әдісі».
 
Халид Кешавджи (Канада) ұмытылмас әсер алып, Ыстықкөлдің көркем табиғатын қызықтауда.
 
Халид Онтариодағы Куинс Университетінде саясаттану мен жаһандық даму туралы ғылымды үйреніп жүр. Ол өзінің шабыттануын француздық жазушы Андре Жидтың сөзінен жияды: «Адамға көз алдынан жағаны жоғалту ерлігі жетпегенше, ол жаңа мұхиттарды аша алмайды». Универсиетте жаһандық даму сұрақтарын зерделеумен шектелмей, Халид жақында Мороккодағы Рабатта бір жылдық оқуды аяқтады.    
 
Жазғы лагерьге дайындау мақсатында тәлімгерлер кешендік бағдарлама бойынша төрт күндік оқытудан өтті. ОАУ және Орталық Азияның ерекшеліктері туралы кіріспе оқытуға қосымша осы курс «тәлімгерлер рөлі», «жазғы лагерь мәдениеті», «көбасшылық қабілеттер мен командалық рухты нығайту дағдылары», «үйлестіру стратегиясы» және «лагерь қатысушылары арасында сенімдік қатынастарды құру» сияқты бірқатар дағдылар мен тақырыптарды қамтыды. Сондай-ақ тәлімгерлер ықтималды жағдаяттарға қолданылуы мүмкін болатын сценарийлер, реакцияларды үйренді және тәуекелдерді басқару мәселелерін қарастырды.   
 
ОАУ жазғы лагері Қырғыз Республикасының Ыстықкөл көлінің жағасындағы «Синегорье» пансионатында 2015 жылдың 7 шілдесіне дейін өтетін болады. ОАУ жазғы білімдік лагеріне қатысу үшін Тәжікстан, Қырғыз Республикасы және Қазақстанның 76 талапты оныншы сынып оқушылары келді. Бұл жерде оларға  ағылшын тілі мен математика пәні бойынша өз дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ отандық және халықаралық жоғары оқу орындарына түсуге дайындалу және түсу процестері туралы пайдалы ақпарат алу мүмкіндігі беріледі. 
 
Жазғы лагерь кезіндегі сабақтар тығыз құрылған кесте бойынша жүргізіледі, оған оқу сабақтары, сондай-ақ басқа да білім алу мүмкіндіктері кіреді. Қатысушылар күнде түске дейін ағылшын тілі мен математиканы үйренеді. Сонымен қатар, қатысушылар үшін арнайы сабақтар өткізіледі, олардың аясында оқушыларға  ЖОО-на түсуге мүмкіндіктерді арттыруға көмектесетін пайдалы ақпарат пен материалдар ұсынылатын болады. Тәлімгерлер ағылшын тілі бойынша дағдылар мен білімдерді іс жүзінде дамытуға және қолдануға, сондай-ақ лагерьге қатысушылар арасында тәжірибемен алмасуға көмектесетін спорттық шаралар, сахналық қойылымдар, пікір сайыстар мен серуендеулерді қоса алғанда, басқа да шараларды өткізеді.    
 
«10 тәлімгер ОАУ жазғы лагерінің жұмысына жан-жақты дағдылар, дарын мен ерекше ынта әкелді. Олардың жұмысының негізінде өздерінің бірлескен күштерінің лагерь қатысушыларының дамуына айтарлықтай үлес әкелетіндігіне ортақ сенімдері жатыр, - деді жазғы лагерьдің директоры Мырза Каримов. – Олардың идея мен ынталы жұмысқа берілгендігін ескере отырып, мен олардың мұны жасай алатындығына күмән келтірмеймін».