ОАУ жазғы лагерь түлектеріне құрмет көрсетуде

Бүгін Орталық Азия Университетінің (ОАУ) жазғы лагері аяқталды. Жабылу салтанаты Қырғызстандағы Ыстықкөл көлінің жағасындағы «Синегорье» шипажайында өтті.   
 
Жабылу салтанатына Ыстықкөл облысындағы Үкіметтің өкілетті өкілінің орынбасары Рита Борбукеева ханым, Назарбаев Университетінің студенттік істер, халықаралық ынтымақтастық және мемлекеттік органдармен байланыстар жөніндегі вице-президенті Қадиша Даирова ханым, канадалық Сенека Колледж Президенті Дэйвид Агнев және ОАУ Кеңесі Атқару комитетінің атқарушы төрағасы Шамш Кассим-Лакха қатысты. 
 
Summer Camp graduates receive certificates of participation from Mr Shamsh Kassim-Lakha, Executive Chairman of the UCA Board Executive Committee.
 
«Сендердің барлығың ағылшын тілі және математика пәні бойынша өз білімдеріңді жақсартуға ұмтылған қабілетті студентсіңдер. Кейбіреулерің өз ойларыңды өлең жазу арқылы білдіріп, жоғары нәтижелерге қол жеткіздіңдер. Жарайсыңдар!» - деді Борбукеева ханым.  
 
Жазғы лагерьге қатысқан Тәжікстан, Қырғыз Республикасы және Қазақстанның 76 талапты оқушысы бүкіл өңірден 850 ізденушілер арасынан іріктеліп алынды. Жабылу салтанатында барлық қатысушыларға лагерьге қатысуы туралы сертификаттар табыс етілді. Жабылу салтанатында жетекші рөлдерді жазғы лагерь қатысушылар атқарды, олар дәстүрлі тәжік биін, қырғыз комузымен әуен орындап, қонақтардың назарына қысқа көрініс көрсетті. 
 
«ОАУ жазғы лагерінің табысты аяқталуы келесі жылы Нарын қаласында алғашқы кампустың ашылу алдындағы маңызды кезең болып табылады. Барлық қатысушыларды құттықтаймын және жоғары білім алуда биік шыңдарға жету жолындағы ынталы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Сондай-ақ жазғы лагерьдің халықаралық ұжымына сапалы жұмыс пен біздің қатысушыларға қойылған мақсаттарына жету үшін көрсеткен көмектеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді», - деді Кассим-Лакха.  
 
«Университеттің рөлі тек жоғары білім беруде ғана емес. Ол сіздерге еңбек қызметіне дайындалуға көмектеседі. Сіздер осы жерде, лагерьде бас қосу үшін барлық мәдени және саяси айырмашылықтарды жеңе білдіңіздер, - деді Қадиша Даирова ханым. – Мен ОАУ үшін оқу бағдарламасын әзірлеу бойынша консультанттар тобының мүшесі болғандығыма қуаныштымын, және сіздер үшін ерекше бағдарлама құратынымызға сенемін». 
 
UCA Summer Camp participants and staff celebrate the successful conclusion of the UCA Summer Camp. Participants came from the three UCA host countries, Tajikistan, Kyrgyzstan and Kazakhstan and represent the beginning of UCA’s regional academic community.
 
Үш апталық жазғы лагерь 17 маусым күні ашылып, қатысушыларға ағылшын тілі және математика бойынша өз білімдерін жетілдіру, отандық және халықаралық ЖОО-на түсу үшін қажетті және пайдалы ақпарат алу, сондай-ақ қатысушылар ағылшын тілі бойынша алған жаңа білімдері мен дағдыларын іс жүзінде қолданған, басқа да жаңа білім алып, тәжірибемен алмасатын түрлі спорттық, мәдени-көркемдік бағыттағы шараларға, пікір сайыстарға, ғылыми және мәдени саяхаттауларға қатысу мүмкіндігін берді.  
 
«Маған ОАУ жазғы лагері өте ұнады, себебі менің ағылшын тілінің иегерлерімен сөйлесу мүмкіндігім болды, және менің достарым көбейді, мен олармен тұрақты байланысты үзбеймін деп сенемін. Мен жазғы лагерьге қатысқаныма қуаныштымын және қазір оның аяқталып қалғандығы мені аздап мұнайтады. Өте қызықты болды, өйткені мен мектепте математика сабағн, орыс тілінде оқыдым, ал бұл жерде – ағылшын тілінде. Мен өзімнің ағылшын тілі және математика пәні бойынша білімдерімді жақсарта алдым. Бұл менің шетелге бірінші рет шығуым және басқа елдердің адамдарымен бірінші рет кездесуім болды. Бұл өте керемет!», - деп өз ойымен бөлісті Қазақстанның Астана қаласына келген Диас Аймышев.   
 
Лагерь аяқталғаннан кейін ОАУ скайп арқылы қатысушыларға түрлі елдерден жетекшілер бекітеді. Жетекшілер мектеп оқушыларына әлемдік деңгейдегі университеттерге дайындалу және түсу кезінде кейінгі қолдауды көрсететін болады.