Өндірістік тәжірибенің бағдарламасы

Орталық Азия Университетінің (ОАУ) өндірістік тәжірибесінің бағдарламасы – бұл интеграциялық жұмысқа оқыту. Студенттер сыныпта алған білімдерін шынайы өмірде (жекеменшік болсын, мемлекеттік немесе азаматтық сектор болсын, таңдаған мамандығына байланысты кәсіби қызметте) қолдана алады. Орталық Азия Университетінің өндірістік тәжірибесінің бағдарламасы Виктория Университетімен (Канада) бірлесе отырып әзірленген.

ОАУ баклавриат студенттеріне міндетті бағдарлама болып табылады. Бұл студенттер үшін ел ішіндегі немесе шетелдік жұмыс ортасымен танысуына мүмкіндік беретін инновациялық тәсілдеме. Ол үшін бес жылдық білім бағдарламасы аясында студенттерді үш жыл қатарынан (жаз мезгілінде) олар үшін қолайлы ұйымдарға жолдама береді. Жұмыс іздеу, тұлғааралық қатынастың құнды дағдыларын алу, жұмыс орнындағы тағылымдама, сонымен қатар дадалық зерттелімдерге қатысу және оқушылардың ілгерілеуін бірлесіп бағалау тәрізді барлық процесс кезінде оқыту жүргізіледі.

Өндірістік тәжірибе бағдарламасының негізгі сипаттамасы:

  • Жұмыс пен оқытудың ретімен алмасып келуі;
  • Атқарылған жұмысқа қаржылай ақы төлеу, мұндай төлемдер жұмыс берушіні де, студентті де ынталандырады;
  • Барлық жұмыс мерзімі ішінде студенттер мен жұмыс беруші тараптары міндеттемелерінің сапалы орындалуын бағалау;
  • Өндірістік тәжірибе бағдарламасына оқытушылардың қатысуы. Бағдарлама аясында жұмыс беруші басшылық жасайды, ал білім береітн мекемелер студенттің жұмысын қадағалайды.

Оқыту жұмысындағы интеграциялық модель сабақтарда алған теориялық білімдерін кәсіби ортада қолдануына мүмкіндік береді және ОАУ оқытушыларының бағдарламаға қатысуын қарастырады, бұл оқыту процесінің реттілігін қамтамасыз етеді.

"Менің тағылымдамам Астана қаласындағы Назарбаев Университетінің жоғары білім беру мектебінде (НУЖБМ) өтті. Мен НУЖБМ ұжымымен өзара тығыз қатынаста жұмыс істедім. Мұнда түрлі елдердің өкілдері еңбек етеді, және онда плюрализм рухы орнаған. Бұл тағылымдама мен үшін өте пайдалы тәжірибе болды: мен зерттеу жүргізудіі, ірі іс-шараларды ұйымдастыруды, және конструктивтік түсіндірме беруді үйрендім. Бірақ ең бастысы – мен ОАУ бітіргеннен кейін де оқуды жалғастыратынымды білемін."

Қарлығаш Құсайынова
Қарағанды, Қазақстан
Компьютерлік ғылым, Нарындағы кампус
Класс-2021

2018 жылдың жазынла ОАУ қызметкерлері ықтимал жұмыс берушілерімен кездесті және бес мемлекеттің (Тәжікстанда, Қырғызстанда, Қазақстанда, Пәкістанда және Ауғанстанда) 16 қаласында 145 жұмыс орнын дайындады. ОАУ студенттері әртүрлі салада тағылымдамадан өту үшін тапсырыс беруіне мүмкіндік алды: коммуникация және маркетинг, мониторинг бағалау, бизнес, қаржы, ақпараттық технологиялар, географиялық ақпараттық жүйелер, жобаларды басқару, зерттеу, адами ресурстарды басқару және білім беру.



Өндірістік тәжірибе бағдарламасының серіктестері

Қазақстан

  • ЦентрКредит банкі
  • Назарбаев Университеті, Астана

Қырғызстан

  • Қырғыз бағдарламалық жасақтаманы әзірлеушілер мен қызметтер қауымдастығы
  • «Бай-Тушум» банкі
  • Career Ambassador Foundation
  • «Эл Групп Консалтинг» компаниясы
  • Бірінші МикроҚаржы компаниясы
  • Қырғыз инвестициялық-несие банкі
  • Next TV Телекомпаниясы
  • «Азаттык» радиосы
  • «Сорос-Қырғызстан» қоры
  • SOS Children’s Villages International балалар қалашығы

Тәжікстан

  • ACTED
  • Ага Хана «Хабитат» агенттігі
  • Білім беру жөніндегі Ага Хана қызметі
  • Тәжікстандағы Ага Хана қоры
  • Amesha Spenta қоғамдық бірлестігі
  • Atlas қонақ үйі
  • Babilon-M
  • Ұлыбритания елшілігі
  • Журналистік зерттеу жүргізу орталығы
  • «Памир Энерджи» компаниясы
  • Save the Children қоры
  • Serena қонақ үйі
  • TCell ұялы телефон операторы
  • Бірінші Микроқаржы банкі
  • АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігі («Бірге оқимыз», «Денсаулық және тамақтану жобасы», «Ауыл шаруашылығы және сумен жабдықтау жөніндегі жобасы»)
  • Вагенинген университеті

Пәкістан

  • Accelerate Prosperity қоры
  • Даму жөніндегі Ага Хана ұйымы
  • Ага Хана қоры
  • Ауылды қолдау жөніндегі Ага Хана бағдарламасы
  • Ага Хана Университеті
  • Rural Support Programmes Network Даму жөніндегі ұйымы
  • Serena қонақ үйі
  • uExcel

Ауғанстан

  • Ага Хана қоры