'Коммуникациялар және БАҚ' өнер бакалавры

Сен шын мәнінде әңгімешілсің бе? Туған қала мен қауымдастықты басқа әлеммен байланыстырғыңыз келе ме? Орталық Азияны қабылдауды қалыптастыруға үлес қосуға тырысасыз ба? Медиа технологияларды пайдалана отырып, белгілі бір дискурсты жылжыта отырып, өңірдегі өзгерістер агенті болғыңыз келе ме? Сіз креативті және тілдерді сүйесіз бе? Мұндай жағдайда "Коммуникациялар және БАҚ" бағдарламасы - сіз үшін.

"Коммуникациялар және БАҚ" бағдарламасы аясында ОАУ журналистиканы, БАҚ жаңалықтарды, стратегиялық коммуникацияларды, мультимедиялық дизайнды, медиа-продакшн, медиа саласындағы заңнаманы, менеджментті, этиканы және әлеуметтік жауапкершілікті қамтитын бірегей кешенді тәсілді ұсынады. Қарқынды тілдік курстардың арқасында түлектер бірнеше тілді еркін меңгерген, ал медиа-зертхана оларға әртүрлі медиа-платформалармен жұмыс істеу кезінде және коммуникация және БАҚ саласындағы әртүрлі мамандықтарда қолдана алатын мультимедианы пайдалану дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.

Оқу бағдарламасы Австралиядағы Сидней технологиялық университетімен, бірлесіп дайындалған.

Зерттеу және кәсіби қызметте нағыз мамандар болып табылатын жергілікті және шетелдік оқытушылар балаларды жергілікті, аймақтық және шетелдік озық тәжірибемен таныстырады. Ал Орталық Азия елдеріндегі серіктестер (аймақтық және халықаралық медиалық және мемлекеттік, үкіметтік емес және қоғамдық секторды ұсынатын басқа ұйымдар) ОАУ "Коммуникациялар және БАҚ" бағдарламасының ажырамас бөлігі болып табылатын тағылымдамадан өту үшін мүмкіндіктер ұсынады.

ОАУ "Коммуникациялар және БАҚ" бағдарламасының оқытушылар құрамы

Эвангелия Папоутсаки
Сохеил Ашрафи
Лилит Дабагян
Люси Палмер
Пейман Пейджман

Міндетті курс

  • Медиа-сауаттылық
  • Медиа үшін жазбаша жұмыстарды дайындау (ағылшын, орыс және ұлттық тілдерінде)
  • Медиа-продакшн (теледидар, радио,баспа / сандық басылымдар)
  • Сандық және әлеуметтік медиа
  • Көрнекі коммуникациялар
  • Медиалық ұйымдардың құрылымы мен экономикасы
  • Орталық Азиядағы коммуникациялар
  • Медиалық саладағы заңнама және этика
  • Медиа және коммуникация саласындағы Аудитория
  • Медиа және коммуникация саласындағы зерттеулер

Мамандандырылған курстар

  • Мамандандырылған медиа-зертханалар (баспа / сандық басылымдар, радио, ТВ)
  • Қоғаммен жұмыс және стратегиялық коммуникациялар
  • Әлеуметтік өзгерістерге бағытталған дамыту және коммуникациялар
  • Фотосурет
  • Табиғат қорғау саласындағы коммуникация
  • Ғылыми коммуникациялар
  • Мәдениетаралық коммуникация
  • Трансмедиялық сторителлинг
  • Анимация

* Пәндер өзгеруі мүмкін.


Сіз келесі кәсіби дағдыларға ие боласыз:

  • Сандық медиаға арналған материалдар өндірісі; ОАУ қазіргі заманғы медиа-студиясында жұмыс істеу жұмыс іздеу кезінде "визиткасы" болатын портфолио жұмыс істеуге мүмкіндік береді
  • Әлеуметтік медиа ақпарат басқару
  • Фото, бейне және аудио материалдарды өндіру
  • Білімді практикалық қолдану-интернет және медиа-продакшн
  • БАҚ және коммуникациялар саласындағы білім

Мансаптық перспективалар

Қосымша мамандық алу саған өз білімдерің мен дағдыларыңды кеңейтуге, белгілі бір қызметті іздеу барысында бәсекелесуге қабілетті кандидат болуыңа мүмкіндік береді. Егер сенің негізгі мамандығың "Коммуникациялар және БАҚ", ал қосымша мамандығың "Орталық Азия туралы ғылым" болса, онда сен коммуникациялар және БАҚ саласында қажетті техникалық дағдыларға ие болсың, сондай-ақ сенің бойыңда Орталық Азия елдеріндегі мәдениет, халықтардың тарихы және маңызды саяси процестер туралы білімдердің едәуір жиынтығы болады. Мұндай маманнан жұмыс беруші ешқашан айрылмайды.

  • Журналистика
  • Медиа продакшн (ТВ, радио, баспа басылымдары)
  • Жұртшылықпен байланыс және іс-шараларды ұйымдастыру
  • Жарнама
  • Сандық және әлеуметтік медиа
  • Ғылыми-зерттеу қызметі
  • Институционалдық коммуникациялар
  • Фильмдер мен медиа материалдар жасау