«Компьютерлік ғылым», ғылым бакалавры

Жоғары технологияларға қызығасың ба және дамушы өңірлік индустрияның бір бөлшегі болғың келе ме? Көптеген мәселелерді заманауи технологиялардың көмегімен шешуге болады деп санайсың ба? Оларға қол жеткізгің келе ме? Техникалық және көшбасшылық сапалардың дамуына ынтықсың ба? Онда «Компьютерлік ғылым» бағдарламасы – сен үшін.

ОАУ «Компьютерлік ғылым» бағыты бойынша бакалавриатының бағдарламасы саған ақпараттық технологиялар (АТ) саласында жетекші маман болуыңа мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар Орталық Азияның техникалық инфрақұрылымын дамытуға дайын жаңа ұрпақтың кәсіпкерлері мен бағдарламашыларының қатарына кіруге және өңірде жаңа мүмкіндіктер жасауға жағдай туғызады.

ОАУ заманауи компьютерлік зертханаларымен айналыса отырып, сондай-ақ өндірістік тәжірибе кезеңінде сен дүние жүзінде қазіргі уақытта қолданылатын жаңа технологияларға қол жеткізу мүмкіндігіне ие боласың. «Компьютерлік ғылым» оқу бағдарламасы халықаралық стандарттарды ескере отырып, Канаданың Торонто университетімен бірлесе әзірленеді. Әдістемелік нұсқауларды Электр техникасы және электроника жөніндегі инженерлер институты (Institute for Electrical and Electronics Engineers) мен Есептеу техникасы қауымдастығы (Association for Computing Machinery) ұсынған.

Сен бізде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға және әлеуетті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерді құруға, сондай-ақ Ортаазиялық компаниялардың өсуін ынталандыруға қажетті дағдыларға ие боласың. Сенің білімдерің мен біліктерің болашақта инновациялық технологияларды қолдану есебінен өңір халықтарының мәдениетін сақтауға және дамытуға көмектеседі.

Курстар

Өзгерістер болуы мүмкін. Студенттер барлық міндетті курстардан өтуі қажет және 11 элективтік курстың шамамен 5-ін таңдау қажет.


Міндетті

Бағдарламалау негіздері

Компьютерлік жүйелерге кіріспе

Деректердің құрылымдары мен алгоритмдері

Деректер базасымен жұмыс істеуге арналған қосымшалар

Компьютерлік желілер

Дискреттік математика

Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу негіздері

Сызықтық алгебра және матрицалар

Веб және интернет-технологиялар

Операциялық жүйелер және жүйелік бағдарламалау


Элективтік

Бизнес-жүйелерді талдау, жобалау және іске асыру

Бағдарламалық қамтамасыз етуді анықтау және тестілеу

Таратылған жүйелер

Ресми тіл, автоматтар

Есептелімділік теориясы

Адамға бағдарланған жүйелерді жобалау

Жасанды ойлау теориясына кіріспе

Компьютерлік графика

Компиляторларды жобалау

Параллелді архитектура және бағдарламалау

Дамытуға арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Кесіндерді өңдеу, кескіндерді енгізу және тану құралдары

Мансаптық перспективалар

Қосымша мамандық алу саған өз білімдерің мен дағдыларыңды кеңейтуге, белглі бір қызметті іздеу барысында бәсекелесуге қабілетті кандидат болуыңа мүмкіндік береді. Мысалы, сенің негізгі мамандығың «Компьютерлік ғылым», ал қосымша мамандығың «Дамыту туралы ғылым» болса, онда сен халықаралық дамыту саласында жұмыс істей аласың, бұл ретте АТ және Орталық Азияны дамыту саласында өз біліктеріңді қолдана аласың.



Word-cloud: Интернет, техник, ақпарат, әкімші, автоматтандыру, даму, техникалық, веб, менеджер, желілер, кеңінен қолдану, арнайы жобалар, жоспарлау жөніндегі маман, желі, электроника, жүйелер, жабдықтар, сайт, жергілікті желілер, желі, ASIC, талдау, операциялар, сәулет, оптика, MIS, бағдарламалық жасақтама, тест, телефон, қызметтер, инженер, деректерді өңдеу, WAN, қысқа толқындар, байланыс, компьютер, EDP, кіріктірілген бағдарламалар, сымсыз байланыс, қосымшаларды жобалау, орталық, директор, жобалаушы, радио, пернетақта, маман, талшықты оптика, микропроцессор, технологиялар, коммуникациялар менеджменті, өңірлік бағдарламашы, әзірлеу.