СТУДЕНТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ

Өтінімді бүгін толтыра бастаңыз


НЕМЕСЕ


Қабылдау туралы өтінімді 2019 жылдың 1 наурызында сағат 23.59- ға дейін тапсырыңыз

Орталық Азияның университетінің проспектісі

2019-2020
Ағылшын тілі
Орыс тілі

2017-2018
Қазақ тілі
Қырғыз тілі
Тәжік тілі

Гуманитариялық және жаратылыстану ғылымдары мектебі

ОАУ –Орталық Азиядағы инновациялық жоғары оқу орны. Біз көшбасшылық қасиеттері бар, талапты, білімпаз, мақсатты, оқуға шығармашылық тұрғыдан қарайтын және білімді тек аудиторияда ғана емес, сонымен қатар одан тысқары жерлерде алуға тырысатын студенттерді қуана қолдаймыз. Бізге әлемді жақсы жағына өзгерту үшін сіз бен сіздің әлеуетіңіз маңызды.

Неліктен ОАУ-ін таңдауға тұрады?

  • Оқу бағдарламалары әлемнің жетекші жоо-ларымен бірлесіп, бірақ өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, әзірленген.
  • Халықаралық стандарттарды ұстанамыз.
  • Орталық Азияның талантты жастарын дамыту және қолдау.
  • Заманауи кампустар мен университет инфрақұрылымы.
  • Ағылшын тілінде сапалы оқу.
  • Өзіне жалпы білім беретін пәндерді, ғылым мен қазіргі заманғы технологияларды ұштастыратын білімге деген бірегей қолданбалы тәсіл.
  • Ақысы төленетін тәжірибе мен курс жобалары арқылы практикалық оқыту.
  • PhD дәрежесі бар жоғары білікті оқытушылар сапалы оқуды және студенттергі тәлімгерлікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметін жүргізеді.
  • Әлемнің саналуан жоо-ларының жетекші магистратура бағдарламаларына түсуге даярлау.
  • Қаржылай қолдау және гранттар.

"Мен ОРТ бойынша "Алтын сертификат" алғандықтан, алдымнан Бішкектегі университеттердің кең таңдауы ашылды. Алайда мен ОАУ-ін таңдадым, өйткені бұл жоо қажетті барлық қызметтер мен инфрақұрылымды ұсынады: студенттер мен оқытушылар тұратын кампус, оқудағы табыстар үшін толық стипендиялар, жайлы жатақханалар, ноутбук, тамақтандыру, жер шарының барлық түкпірінен оқытушылар. Алғашқы кезде ата-аналарым аздап алаңдап еді, бірақ олар кейіннен кампусқа келіп, студенттермен және оқытушылармен сөйлесіп, жағдайға қатты риза болып қалды."

Дастан Исланбек уулу
Талас, Қырғызстан
Компьютер ғылымы, Нарындағы кампус
Класс-2023

Халықаралық санаттағы кампустар

ОАУ-нің алғашқы кампусы Нарын қ. (Қырғызстан) 2016 ж. қыркүйекте, сонсоң Хорог қ. (Тәжікстан) (2017) және Текелі қ. (Қазақстан) (2021/22) ашылды. Нарындағы ОАУ кампусы Нарын өзенінің әсем жағалауында, аттас қалаға таяу орналасқан. Кампустың Бас жоспары мен тұжырымдамалық жобасын әйгілі Arata Isozaki & Associates жапон сәулет компаниясыәзірлеген. Оның жобалары халықаралық марапаттарға ие болған. Кампустағы өмір студенттерге алған білімдерін тәжірибеде қолдануғца, қоғамдық жобаларға, спорттық-сауық іс-шараларына және мәдени алмасудың саналуан түрлеріне қатысуға, сондай-ақ көшбасшылық және азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Кампустың артықшылықтары:

  • соңғы технологиялармен жабдықталған аудиториялар, зертханалар мен кітапханалар.
  • сабақ оқуға және тынығуға жағдай жасалған күзетілетін жатақхана.
  • жеке кеңістікті және асқан жайлылықты қамтамасыз ететін модульдік типтегі бөлмелер.
  • таза ауадағы ашық оқу кеңістігі.
  • кампус корпустары аралығында жабық өтпежолдар, автоматты жарықтандыру және қауіпсіздік.

ОАУ-не қалай түсуге болады?

1. ОАУ толтырылған өтінімі үлгісін және ілеспе құжаттарды онлайн немесе жүктеп, басып шығарып, apply@ucentralasia.org электрондық поштаға 2019 жылдың 1 наурызында сағат 23:59 (GMT+6) дейін тапсырыңыз.

2. І кезеңнің бастапқы іріктеуінен өткен абитуриенттер ОАУ қабылдау емтиханына шақырылады. Ол 2019 жылдың 24 наурызында өткізіледі және өзіне ағылшын тілі, математика және логика жөніндегі тестілерді қамтиды.

3. ІІ кезеңнің бастапқы іріктеуінен өткен абитуриенттер 2019 жылғы сәуірде қаржылай қолдауға ұсыным хаттар және өтінімнің толтырылған үлгілерін табыстауы тиіс.

Қосымша ақпарат, Қадамдық нұсқаулық немесе Жиі қойылатын сұрақтар

ОАУ-де кімдер оқи алады?

ОАУ-де қоғамның әртүрлі жіктерінің өкілдері болған Орталық Азияның және басқа елдердің түрлі түкпірлерінен студенттер оқиды. ОАУ сондай-ақ дене мүмкіндігі шектеулі студенттердің оқуына мүмкіндік береді. ОАУ кампустары барлық қажетті инфрақұрылыммен жарақталған және Нормалар мен қағидалар жөніндегі Халықаралық кеңес әзірлеген халықаралық құрылыс стандаттарына сәйкес келеді. ОАУ кампусы лифтілермен, студенттерге арналған арнайы жабдықталған жатақханалармен және оқытушыларға арналған тұрғын жайлармен жарақталған. ОАУ барлық өтінімдерді қарауға қабылдайды.

ОАУ студенті:

  • Оқуда табыстарға ұмтылады
  • Алған дағдыларын оқудан тыс процесте қолдана отырып, білімнің жаңа салаларына қызығушылық білдіреді
  • Бастамашылық танытып, стандартты емес әдістерді қолданып, шынайы міндеттерді шешуге дайын
  • Тәртіпті тыңдаушы, топтың ойыншысы және көшбасшысы болып табылады
  • Тек жеке басының табысты болуына ғана емес, сондай-ақ қоғамның, елдің және өңірдің табысты болуына мүдделі

Мен қайда оқимын?

Қазіргі кезде ОАУ-нің Қырғыз Республикасының Нарын қ., және Тәжікстанның Хорог қ. кампустарында бакалавриат бағдарламаларына өтуге өтінімдер қабылдануда. ОАУ Коммуникациялар және БАҚ; Компьютер ғылымы (Нарындағы кампус); Жер және қоршаған орта туралы ғылымдар және Экономика (Хорогтағы кампус) секілді мамандықтарды ұсынады. Таңдаған мамандығына қарай студенттер ОАУ-нің Қырғызстан, Нарындағы, не болмаса Тәжікстан, Хорогтағы кампусында оқиды.

Кері байланыс

Электрондық почта: admissions@ucentralasia.org

Тел:
+996 312 663 822/+996 770 822 901 (Қырғызстан)
+992 93 999 99 64 (Тәжікстан)
+7 777 822 3948 (Қазақстан)

Sign up for more information: