ОАУ-да оқыту

ОАУ мақсаттарды шешуге қабілетті және жалғыз бір ғана тәсілмен шектелмейтін кәсібилерді және көшбасшыларды даярлайды.

Біз Сіздің:

  • Жаңа ақпаратты игергеніңізді және түрлі салаларда жаңа дағдыларды қалыптастырғаныңызды;
  • талқылауды, пікір таластыруды, сұрақтар қоя білуді және бірлесіп жұмыс жүргізуді, ақпаратты жақсы түсініп оны өз біліміңізге айналдыра білгеніңізді;
  • ақпаратты талдау және ойлануды, оның өзектілігін бағалай білуді және сіздің жұмыста, қоғамдастықта және жалпы әлемде қолдана білуді;
  • алған біліміңізді Орталық Азиядағы қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне жауап беретін инновациялық шешімдерді әзірлеуге ықпал ететіндей қолдана білуді және жаңа идеяларды ұсына алуыңызды қалаймыз.

Осындай нәтижеге жету үшін ОАУ оқыту барысына өзіндік бірегей тәсілдемесі:

  • Пәнаралық деңгейде сыни ойлауды, талдамалық және техникалық дағдыларды дамытуға мүмкіндік беретін еркін өнер мен ғылымдар тұжырымдамасы тұрғысынан оқыту;
  • Әлемдегі жетекші жоо әзірлеген оқу жоспары негізінде маңызды және өзекті бағыттар бойынша оқыту;
  • Нақты міндеттерді шешу кезінде алған білімді қолдану мүмкіндігін беретін тәжірибе арқылы оқыту.

ОАУ оқытудың түрлі әдістері

Өңірдің ерекшеліктері ескерілген халықаралық сыныпта білім беру, Орталық Азияның экологиялық, мәдениет, саяси, экономикалық және әлеуметтік көріністері мен мәселелерімен оқыту бағдарламаларының өзара байланыстарын қамтамасыз етіп отыратын оқыту әдістері нақты аймаққа тән сипатталған.

Оқытудың жоғары стандарттарын ұстанатын профессорлар-оқытушылар құрамы. Шағын сыныптардағы оқыту әрбір студентке жеке тіл табуға, өткен материалды меңгеру және бекіту мониторингін қамтамасыз етеді.

Еркін өнер және ғылым тұжырымдамасы пәнаралық деңгейде сыни ойлау жөніндегі дағдыларын, этиканы, зерттеу әдістерін, жазу және кәсіпкерлік қызмет дағдыларын дамытуды қамтиды.

Тәжірибелік үйрету өңірді дамыту мақсатында теориялық білімдер мен олардың іс жүзінде қолданылуы арасындағы өзара байланысты нығайтуына мүмкіндік береді. Осындай құрамдастарды үйретуде:

  • Орталық Азия мен шетелдердің жетекші кәсіпорындарында және мекемелерінде ақылы жазғы өндірістік тәжірибені.
  • Курстық жобаларды топтарда дайындау, шынайы өмірде академиялық тұжырымдаманы қолдануды.
  • Жекеменшік коммерциялық емес немесе коммерциялық ұйымдарды құру жөнінде жоспар әзірлеуді; жұмыс істеп тұрған маңызды міндеттерін шешуге және түрлі әлеуметтік жобаларды іске асыруға ықпал жасауды.
  • Кейстерді зерттеу студенттерге шынайы мәселелерді шешу жөніндегі дағдыларды табуына және дамыту, теорияны тәжірибе арқылы меңгеруіне мүмкіндік береді.

Кампустағы өмір бейресми оқытуға және мүдделері бойынша студенттік клубтарды ашуға немесе қосылуға және өмірлік достарды табуға итермелейді.

ОАУ кампустары орналасқан Орталық Азия елдерінің түрлі қалаларында тұру және оқыту тәжірибесі.

Студенттердің бағдарланған ортасы, оқытудың дербес стилі мен әркімнің тәжірибесін ескере отырып, қажетті дағдылар мен білімдерді алуға мүмкіндік береді.

Оқыту бағдарламалары академиялық және басқа салалардың жетекші халықаралық және өңірлік мамандардың қатысуымен әзірленген, бұл студентте оның мансаптық болашағы туралы нақты көзқарасы қалыптасады.

Өздері тұратын және жұмыс істейтін қоғамға әсер ете алатын дербес кәсібилерді дайындау мақсатында Кәсіпкерлік қызметке және әдепке ерекше назар аударылады.

Студенттік өмір жөніндегі кураторы оқытушылар мен тәлімгерлер академиялық және жеке сұрақтарды барынша қолдау көрсетеді, бұл болашақта оқудан оң тиімділікті өсіреді.

ОАУ ғылыми-зерттеу институтына, сонымен қатар тиісті ғылыми базалар мен зерттеушілерге қол жеткізу.