Дайындық бағдарламасы

Қарқынды дайындық бағдарламасы оқу жылының 3 семестрі ішінде 33 аптаға есептелген – бұл ОАУ әрбір келесі оқу жылына қарағанда 7 аптаға артық.

Әрбір апта былайша жоспарланған: 20 сағат ағылшын тілін үйренуге, 4 сағат – математикаға, 3 сағат – жаратылыстану теориясына, 3 сағат – жаратылыстану бойынша зертханалық жұмыстарға арналған. Аптасына 4 сағаттан 6 сағатқа дейін математика және жаратылыстану пәндері бойынша практикалық сабақтар, сондай-ақ 4 сағаттан 6 сағатқа дейін - семинарлық сабақтар өткізіледі. Үшінші семестрде таңдалған мамандығына сәйкес, пәндік зерттеулер бойынша 40 сағат сабақ өткізу көзделген.

ОАУ-дегі бірінші оқу жылының оқу бағдарламасы канадалық оқытудың “Сенека” колледжімен серіктесе отырып әзірленген. Дайындық бағдарламасының профессорлар-оқытушылар құрамының барлық мүшелері. халықаралық деңгейдегі оқу орындарының сертификаттауынан өткен және магистр дәрежесіне ие немесе тиісті пән бойынша сабақ беруден маңызды тәжірибесі бар.

Математика курстары

  • Дискреттік математика: математикалық талдау және векторлар: есептеу теориясы, қозғалыс тәртібі мен логикасы және вектордың өзгерістері;
  • Математика бойынша тереңдетілген тақырыптар;
  • Практикалық математика;
  • Семинарлық сабақтар.

Ағылшын тілі курстары

  • Академиялық мақсаттарға арналған ағылшын тілі: Сыни ойлау және пәнаралық тәсіл;
  • Академиялық жазбаша тіл: Зерттеулер, көркем және деректі проза;
  • Академиялық, ғылыми және іскерлік жазбаша тіл;
  • Семинарлық сабақтар.

Жаратылыстану курстары

  • Ғылыми әдіс: Су, жер, от және ауа;
  • Ғылыми сараптама: Табиғи және жасанды орта;
  • Жаратылыстану бойынша тереңдетілген тақырыптар;
  • Жаратылыстану бойынша практикалық сабақтар;
  • Қолданбалы жаратылыстану;
  • Семинарлық сабақтар.

Пәндер бойынша курстар