Шәкіртақылар, гранттар және оқу және тұру ақылары

ОАУ қаржылай көмек көрсету топтамасын 2019-2020 оқу жылында түсуге тапсырыс берудің ең соңғы мерзімі (2019 жылдың наурызы) аяқталғаннан кейін жүктеп алуға қолжетімді болады.

Жоғары білім – бұл студенттің өзі және оның отбасы жасай алатын ең маңызды инвестициялардың бірі болып табылады. Жақсы университетте алынған білім, болашақтағы кіріске маңызды әсер етеді. ОАУ көкжиекті ашатын және кәсіби деңгейдің өсуі үшін әлемдік санаттағы білім алуды ұсынады, және мұндай білім алу қымбат тұрады. Жекеменшік, коммерциялық емес мекеме ретінде ОАУ-ның негізін қалайтын қағидалардың бірінің мәні қабылдау емтиханын сәтті тапсырған студенттердің ешқайсысына оқу ақысын төлеуге мүмкіндігі жоқтығынан білім алу мүмкіндігіне бас тартылмайтында.

Орталық Азия университетінде қомақты қаржы жеңілдіктерімен білім алуға болады: егер студент қабылдау емтихандарынан өтсе, оның қаржы жағдайы сапалы білім алуына кедергі бола алмайды. Студенттер мол қаржылай көмектің арқасында тек олардың академиялық үлгерімі негізінде ОАУ-на қабылдана алады, ал төлеу мүмкіндігі студенттерді қабылдау кезінде таңдау критерийі бола алмайды. Егер абитуриент университетке қабылданса, оған қаржылай қолдау көрсету кепілдік болады.

Қолдау мынадай түрде көрсетіледі:

  • шәкіртақылар;
  • Гранттар;
  • Процентсіз несиелер.

Студенттердің оқу жылы ішінде төлейтін барлық шығынды жабуға арналған орташа құны – оқудың, жатақхананың және тамақтанудың құны – 1400 АҚШ (айына 140 доллар) долларды құрайды. Студенттердің көпшілігі, егер олар үйде тұрған болса, көрсетілген сомадан көп төлейтін еді.

Одан бөлек, Орталық Азия (Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан) елдерінің студенттеріне бәсекелестік негізде үлгерімі озық студенттерге толық шәкіртақылар тағайындалады.

ОАУ-ның сапалы білім беруді қолжетімді жасау әрекеттері

Студенттердің енгізетін ақысы ОАУ-ның жалпы оқу құнының тек белгілі бір үлесін ғана құрайды: ОАУ әрбір студенттің оқу құнының 80 проценті шамасында демеу қаржы береді. ОАУ-да оқу ақысы көршілес Қытайдағы, Ресейдегі және Түркиядағы университеттердің сапасы жағынан салыстырмалы түрде алғанда жоғары білім алу құнынан, сондай-ақ Тәжікстандағы, Қырғызстандағы және Қазақстандағы ең үздік университеттермен салыстырғанда анағұрлым төмендеу.

Оқу ақысына мыналар кіреді:

  • Тікелей оқу ақысы;
  • Оқулықтардың және оқу материалдарының құны, оқыту кезінде дербес компьютер ұсынылады;
  • Жататын орны мен тамақтануы;
  • Медициналық қызмет көрсету, фитнес орталығы, спорттық сабақтар, сауықтыру іс-шаралары;
  • Дербес кураторлық және кеңес беру.

ОАУ-да оқу және тұру ақылары тиісті барлық шығыстарды қамтиды және ұлттық валютамен төленеді.

Оқу және тұру құны (доллармен баламада) ОАУ-да оқитын бес жыл бойына өспейтін болады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаржылай көмекті алу үшін қашан және қайда бару керек?
Қаржылай көмек алу үшін алдын ала іріктеуден өткен барлық абитуриенттер өтініш білдіре алады. Қаржылай көмек алу үшін студенттер жыл сайын өтініш білдіреді. Қаржылай көмек көрсету туралы шешімді жалғыз адам ғана емес, арнайы комитет қабылдайды.

Менің қаржы жағдайым (оң немесе теріс) Университетке түсуіме әсер ете ме?
ОАУ қабылдау академиялық көрсеткіштер негізінде жүргізіледі. ОАУ неғұрлым табысты және тапқыр, оның ішінде Орталық Азияның олардың экономикалық жағдайына қарамастан қалалық және ауылдық елді мекендерден келген студенттер қабылданады, ОАУ абитуриенттердің ешқайсысына оның қаржы жағдайына қарап қабылдаудан бас тартпайды

ОАУ-ның студенттік несиелері қандай қағидалармен беріледі және өтеледі?

  • Процентсіз несиелер ұлттық валютамен беріледі;
  • Несиені алған кезден бастап оған қызмет көрсеткені үшін жыл сайынғы алым екі процент (2%) мөлшерінде алынады;
  • Оқуды аяқтаған соң студенттерге несиені өтеу үшін төлем мерзімін екі жылға ұзартатын болады; төлемнің ұзартылған мерзімі аяқталғаннан кейін студенттер несиені 10 жыл аралығында төлей алады