Бакалавриат бағдарламасы

ОАУ гуманитариялық және нақты ғылымдар мектебі студенттерге болашақта кәсіби саладағы және мемлекеттік қызметтегі міндеттерді шешуде әр түрлі тәсілдерді қолдануға және инновациялық идеяларын енгізуге көмек беретін білімдер мен дағдылар алуға көмектесетін бакалавриат бағдарламасын ұсынады.

Біздегі оқытудың бірегей тәсілін:

  • сыни ойлау дағдыларын, әр түрлі пәндер бойынша талдамалық және техникалық дағдыларды дамытуға мүмкіндік беретін гуманитариялық және техникалық білім;
  • әлемнің жетекші жоо-лары әзірлеген оқу жоспары негізінде қажетті және өзекті бағыттар бойынша оқыту;
  • нақты міндеттерді шешу кезінде алған білімдерін қолдануға мүмкіндік беретін тәжірибе арқылы оқыту өзара байланыстырады.

ОАУ-ДЕГІ СІЗДІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДАМУЫҢЫЗ

ОАУ негізгі және қосымша мамандандырулар бойынша жоғары білім алуға мүмкіндік береді. Бес жылдан кейін сіз гуманитариялық ғылымдар (BA) бакалаврының және жаратылыстану ғылымдары (BSc) бакалаврының дәрежесіне ие боласыз. ОАУ – кіріктірілген тәсіл негізінде негізгі және қосымша мамандандыру алуды ұсынатын Ортталық Азиядағы тұңғыш университет.

Өзіңіз таңдап алған негізгі және қосымша мамандығыңызға қарай сіз университеттің үш кампусының бірінде тұрасыз және білім аласыз. Олар: Нарында, Қырғызстан (2016 жылы ашылған); Хорогта, Тәжікстан (2017); және Текеліде, Қазақстан (2021), сондай-ақ сіз тым болмаса, бір семестрді басқа кампуста өткізуге мүмкіндік аласыз.

Біздің Өндірістік тәжірибе бағдарламамыз сізге жетекші компаниялардағы жазғы тәжірибе аясында жұмыс дағдысын алуға мүмкіндік береді.

Оқу және сыныптан тыс қызмет барысындағы жетістіктеріңіз үшін іріктеу комиссиясы абитуриентті бірден бірінші курсқа қабылдау (дайындық курсынан өтпей) мүмкіндігін де қарастыруы мүмкін.

"Мені бірден ОАУ бірінші курсына қабылдады. Мен FLEX бағдарламасы бойынша АҚШ-та оқығанмын, сондықтан бұл университет мен үшін өте қолайлы болды. ОАУ-де әртүрлі ұлт өкілдерінің студенттері білім алады, ұстаздар сабақ береді. ЖОО жаңа мүмкіндіктерге жетелейді, ал оның мазмұнды оқу бағдарламасы Орталық Азия елдерін дамыту үшін арнайы әзірленген. Біз спорт ойындарын ойнаймыз, өз қызығушылықтарымызға қарай клубтарға қатысып, уақытымызды көңілді өткіземіз."

Фируза Хосабекова
Хорог, Тәжікстан
Коммуникациялар және БАҚ, Нарындағы кампус
Класс-2022

НАРЫН, ҚЫРҒЫЗСТАН (2016)
ХОРОГ, ТӘЖІКСТАН (2017)
ТЕКЕЛІ, ҚАЗАҚСТАН (2021/2022)

ОАУ "компьютерлік ғылым" және "коммуникациялар және БАҚ" мамандықтары бойынша түскен студенттер Қырғызстанның Нарын қаласындағы кампуста оқитын болады.
"Экономика" және "Жер және қоршаған орта туралы ғылым" мамандықтары бойынша түскен студенттер Тәжікстанның Хорог қаласындағы кампуста оқитын болады.
"Инженерлік-техникалық ғылымдар" немесе "Бизнес және басқару" мамандықтары бойынша қызығушылық танытқан студенттер 2021/2022 оқу жылында ашылатын Қазақстанның Текелі қаласындағы кампуста оқитын болады.

Академиялық серіктестер

Бесжылдық бағдарлама аясында ОАУ студенттері Канаданың Торонто қаласындағы Сенека колледжімен бірлесе әзірленген қарқынды даярлау бағдарламасын аяқтайды. ОАУоқу бағдарламасы разработана в партнерстве с Университетом Торонто, Канаданың Торонто университетімен (компьютерлік ғылым), Канаданың Британдық Колумбия Университетімен (Жер және қоршаған орта туралы ғылым), Ұлттық зерттеу унииверситетінің Жоғары экономика мектебімен, Мәскеу және Стокгольм экономика мектебімен / Рига, Латвия (Экономика) және Аустралияның Сидней Технологиялық университетімен (Коммуникациялар және БАҚ) бірлесе отырып әзірленген. Сонымен қатар ОАУ өндірістік тәжірибе бағдарламасын әзірлеу үшін Канаданың Виктория университетімен серіктес болып табылады.

ОАУ төмендегі құрамдас бөліктерден тұратын бакалавриаттың құрылымданған бесжылдық бағдарламасын ұсынады:

  • дайындық, пәнаралық, жалпы білім беру және міндетті курстар;
  • негізгі алты мамандық (сондай-ақ қосымша ретінде таңдауға болатын);
  • өндірістік тәжірибе.

"ОАУ-де негізгі мамандықты үйрену – ұмытылмас оқиға. Менде бірден екі кампуста оқитын және Қырғызстан мен Бадахшанның мәдени саналуандылығымен танысатын тамаша мүмкіндік болды. Мен жазда мониторингтеумен және бағалаумен айналыса отырып, USAID-та тағылымдамадан өттім. Мен кәсіби жұмыстың шынайы әлеміне еніп кеттім, іскерлік тәртіп стандарттары, деректерді талдау теориясы мен әдістері, сондай-ақ ақпараттар жинау туралы көптеген мәліметтерге қанық болдым."

Озар Аини
Душанбе, Тәжікстан
Компьютерлік ғылым, Нарындағы кампус
Класс-2021

ДАЙЫНДЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

Бакалавриаттың алғашқы жылы ішінде ОАУ барлық студенттері мойындалған халықаралық стандарттарды ескере отырып әзірленген дайындық бағдарламасы бойынша білім алатын болады. Ол ағылшын тілін оқу ортасында сәтті білім алуға қажетті базалық дағдылар мен білімдерді игеруге негізделген. Бағдарламаға ағылшын тілі, математика және жаратылыстану ғылымдары жөніндегі курстар кіреді.


ОАУ БАКАЛАВРИАТЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МАМАНДЫҚТАРЫ

«Компьютерлік ғылым», ғылым бакалавры
Жоғары технологияларға қызығасың ба және дамушы өңірлік индустрияның бір бөлшегі болғың келе ме? Көптеген мәселелерді заманауи технологиялардың көмегімен шешуге болады деп есептейсің ба? Оларға қол жеткізгің келе ме? Техникалық және көшбасшылық сапалардың дамуына ынтықсың ба? Онда «Компьютерлік ғылым» бағдарламасы – сен үшін.

«Коммуникациялар және БАҚ», өнер бакалавры
Сен шын мәнінде әңгімешілсің бе? Жағдайларға әлеуметтік медиа және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ықпал еткің келе ме? Орталық Азиядағы БАҚ рөлін күшейту мүмкіндігін болжай аласың ба? Өңірде болып жатқан оқиғаларды жариялау тәсілін өзгерткің келе ме? Олай болса, «Коммуникациялар және БАҚ» бағдарламасы – сен үшін.

«Жер және қоршаған орта туралы ғылымдар», ғылым бакалавры
Қоршаған ортаны зерттеумен айналысасың ба? Табиғатты қорғау шараларын қалай жақсарту туралы өз ойың бар ма? Орталық Азияның бірегей табиғи ресурстарын сақтағың келе ме? Нақты міндеттерді шешуде ғылыми тұжырымдамаларды қолданудың артықшылығын сезесің бе? Олай болған жағдайда, «Жер және қоршаған орта туралы ғылымдар» бағдарламасы – сен үшін.

«Экономика», өнер бакалавры
Табысты кәсіпкер болып, Орталық Азия елдерінің экономикасын дамытуға өз үлесіңді қосқың келе ме? Мемлекеттік мекемелердің тиімділігін дамытып, ақылға қонымды экономикалық саясатты ілгерілету қажет деп санайсың ба? Сені жаһандық экономикадағы Орталық Азия елдерінің рөлі толғандыра ма? Онда «Экономика» бағдарламасы – сен үшін.

«Инженерлік-техникалық ғылымдар», ғылым бакалавры (2021/2022 жылы ашылады деп күтілуде)
Саған есептерді шешу және тетіктердің қалай құрылғанын білу ұнай ма? Сен олардың одан да артық жұмыс істеуі үшін не істеуге болатыны туралы ойланасың ба? Нақты міндеттерді шешуде ғылыми тұжырымдамаларды қолданудың мүмкіндіктерін көресің бе? Күрделі есептерді шешу үшін үнемі жаңа тәсілдер іздейсің бе? Онда «Инженерлік-техникалық ғылымдар» бағдарламасы – сен үшін.

«Бизнес және басқару», өнер бакалавры (2021/2022 жылы ашылады деп күтілуде)
Бизнес әлемінің көшбасшысы болғың келе ме? Өзіңнің жеке стартапың үшін идеяларың бар ма? Орталық Азиядағы экономиканың дамуына ықпал ету үшін саған дағдылар қажет пе? Олай болған жағдайда, «Бизнес және басқару» бағдарамасы – сен үшін.

ОАУ БАКАЛАВРИАТЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚОСЫМША МАМАНДАНДЫРУЛАРЫ

Негізгі мамандықтан тыс сіз өзіңіз үшін қосымша немесе екінші деңгейлі оқу бағытын таңдауға тиіс боласыз. Қосымша мамандандыру сіздің негізгі мамандығыңыз үшін пайдалы болатын білімдер мен дағдыларды береді. Ол сіздің алған біліміңізді кешенді етеді және кәсіби және қоғамдық салада әртүрлі жағдайларға бейімделуге мүмкіндік береді. Жаһандық экономиканың заманауи жағдайларында дара бағыттағы білім өзінің мәнін бірте-бірте жоғалтады. Дүние жүзіндегі барлық жұмыс берушілер бірден негізгі және қосымша мамандығы бар жас мамандарды көргісі келеді.

Студенттер алты қосымша маманданудың біреуін өзі үшін таңдай алады. Мысалы, Нарында (Қырғызстан) оқитын студент қосымша мамандануды Хорогта (Тәжікстан) немесе Текеліде (Қазақстан) игере алады.

- Компьютерлік ғылым
- Коммуникациялар және БАҚ
- Жер және қоршаған орта туралы ғылымдар
- Экономика
- Инженерлік-техникалық ғылымдар (2021/2022 жылы ашылады деп күтілуде)
- Бизнес және басқару (2021/2022 жылы ашылады деп күтілуде)

ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ БАҒДАРЛАМАСЫ

ОАУ өндірістік тәжірибе бағдарламасы – жұмыспен біріктірілген оқыту. Студенттер шынайы өмірде (таңдаған мамандығына байланысты кәсіби қызметте, мейлі ол жеке, мемлекеттік немесе азаматтық сектор болсын) сыныпта алған білімдерін қолдана алады. Бұл студенттерге университетті бітіргеннен кейін оқу, ғылыми және кәсіби қызметте одан әрі жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. ОАУ өндірістік тәжірибе бағдарламасы Виктория Университетімен (Канада) бірлесе әзірленген.

Бағдарлама ОАУ бакалавриаты студенттері үшін міндетті болып табылады. Бұл – студенттерге ел ішінде және шетелдерде жұмыс ортасымен танысуға мүмкіндік беретін инновациялық тәсіл. Ол үшін бес жылдық білім беру бағдарламасы ішінде студенттерді үш жыл қатарынан (жазғы кезеңде) оларға лайықты ұйымдарға жұмысқа жібереді. Оқыту жұмыс іздеу, жеке қарым-қатынас жасаудың құнды дағдыларын меңгеру, жұмыс орнында тағлымдамадан өту, сондай-ақ даладағы зерттеулерге қатысу, оқушылардың прогресін бірлесе бағалау кіретін барлық үдеріс барысында жүзеге асып отырады.
> ОАУ өндірістік тәжірибе бағдарламасы туралы толығырақ білу үшін, осы жерді басыңыз


Ғылыми-зерттеу мүмкіндіктері

ОАУ сіздерге ғылыми әлеуетті игеруге арналған ауқымды академиялық мүмкіндіктер ашылады. Сіз ғылыми зерттеу саласындағы сарапшылармен бірге еңбек ете аласыз, ғылыми-зерттеу институттары мен оқыту орталықтарының деректеріне еркін қол жеткізу мүмкіндігіне ие боласыз. Жетекші ғалымдармен бірге ғылыми мақалаларды бірге дайындап жариялай аласыз, диплом жұмысын дайындау кезінде кеңестер алып, пәнаралық тәсіл әдістерін күнделікті қолданып, өз зерттеулеріңізді жүргізе аласыз.