Вебинарлар

ОАУ-не қалай түсуге болады, қаржылай қолдау және шәкіртақы, студенттік өмір және басқа да көптеген ақпараттар туралы көбірек білгілеріңіз келе ме? 2019 жылы ОАУ өтетін төрт вебинардың біріне қатысыңыздар.

Орталық Азия Университетінің Гуманитарлық және дәл ғылымдар мектебі аталған тақырыптарға вебинарлар өткізеді.
Вебинарлардың өтетін нақты күні мен уақыты және тіркеу жайлы толығырақ ақпарат фейсбук парақшағында қолжетімді

ОАУ-не қабылдау және қаржылай қолдау

ОАУ бакалавриатының бағдарламасына онлайн тапсырыс беру үлгісін қалай толтыруға болатынын білесіздер, және шәкіртақы алудың мүмкіндіктері туралы ақпарат аласыздар.

Студенттік өмір

Бұл вебинар университет кампустарындағы студенттік өмірге арналады. Сіздерге біздің студенттермен және студенттер ісі жөніндегі бөлім ұжымымен танысу мүмкіндігі болады, сонымен қатар кампустағы өмір жайлы білетін боласыздар!

ОАУ мансаптық жол

Вебинар қатысушылары ОАУ мен шетелдік университеттердің ынтымақтастығы және өндірістік тәжірибе бағдарламасы туралы білетін болады. ОАУ өндірістік тәжірибе бағдарламасы – бұл ел ішіндегі және шетелдегі жұмысшы және іскерлік ортамен танысуға мүмкіндік беретін инновациялық бағдарлама. Ол үшін бес жылдық білім бағдарламасы аясында студенттерді үш жыл қатарынан (жаз мезгілінде) олар үшін қолайлы ұйымдарға жолдайтын болады.

ОАУ оқытушыларымен танысу

Вебинар қатысушыларының ОАУ оқытушыларымен танысуға және оқу барысы туралы білуге мүмкіндігі болады.


Кері байланыс

Email: admissions@ucentralasia.org

Телефон: +996 312 663 822
+996 770 822 901 (Қырғызстан)
+992 93 999 99 64 (Тәжікстан)
+7 777 822 3948 (Қазақстан)