ОАУ неліктен таңдауға тұрарлық?

ОАУ (Орталық Азияның университеті) әлемдік санаттағы бірегей білім алуға мүмкіндік береді:

  • дүние жүзіндегі магистратураның үздік бағдарлаамаларына түсуге мүмкіндік беретін бакалавриат;
  • оқытудың пәнаралық тәсілі;
  • ағылшын тілінде оқыту;
  • оқу бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі халықаралық серіктестер;
  • мол қаржылай көмек, гранттар мен шәкіртақылар;
  • барлық оқу, тұрғын үй және спорт үй-жайларын алдыңғы қатарда жарақтандыру; Мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін дамыған инфрақұрылым;
  • қызықты да жарқын студенттік өмір;
  • өзекті бағыттар бойынша негізгі және қосымша мамандандыру сіздің кәсіби қызметке дайындығыңызды қамтамасыз етеді;
  • жобаларға және өндірістік тәжірибелерге қатысу бір жылдық кәсіби өтілді қамтамасыз етеді;
  • жоғары білікті халықаралық профессорлар-оқытушылар құрамы.

"ОАУ-де біз бір-біріне шын жанашырлықпен қарайтын үлкен отбасы сияқтымыз. Оқытушылар шын мәнінде біздің жоғары жетістіктерге жетуімізді қалайды және әрқашан көмектесуге дайын. Біз бұл жерде көптеген жақын достар таптық, біз үнемі құшақтасып, бірге ойнап-күлеміз. Әрдайым өз үйіңде жүргендей сезінесің."

Адинай Мукамбетова
Нарын, Қырғызстан
Коммуникациялар және БАҚ, Нарын кампусы
Класс-2023

Кампустардың кітапханалары біздің оқу мүдделеріміз бен қажеттіліктерімізге сай келеді.

Барлық кампустардың аумағында Интернетке 100% қолжетімділік.

Кампустардың аумағында халықаралық деңгейдегі спорт объектілері: FIFA талаптарына жауап беретін футбол алаңдары, жылына 365 күн бойы теннис, баскетбол, бадминтон, волейбол және футбол ойнауға болатын теннис корттары, фитнес клубтар және спорт залдары.

Ойын бөлмелерін, демалыс бөлмелерін, музыкалық жабдықтарды қоса алғанда, көпшілік пайдалануға арналған жайлы үй-жайлары бар күзетілетін жатақханалар.

Табиғаты көркем жерге орналасқан кампус аумағында ашық оқу аймақтары қарастырылған.

Студенттер модульдік тұрпаттағы бөлмелерде екі адамнан тұратын болады, оны әрқайсысының қалауына қарай жеке кеңістік ретінде бөліп алуға немесе ортақ аймақ ретінде өзгертіп алуға болады, мүгедектер арбасынан қолжетімділік мүмкіндігімен жабдықталған арнайы бөлмелер де бар.

Сіздерге ыңғайлы болуы үшін жабық өтпежолдар, лифт, автоматты жарықтандыру және тәулікбойы күзет орайластырылған.

ОАУ әрбір кампусында заманауи техникамен жабдықталған дәрісханалар, зертханалар және кітапханалар бар.