Skip to main content

ucentralasia.org веб-сайтын пайдалану шарттары мен ережелері

Қош келдіңіздер!

Орталық Азия Университетінің (бұдан әрі – «ОАУ» немесе «Университет») веб-сайтына қош келдіңіздер! Сайт Орталық Азия Университетіне тиесілі және университетпен пайдаланылады. Шарттар мен ережелер сайты пайдалану тәртібін белгілейді. Олармен мұқият танысуды өтінеміз. Егер сіз осы пайдалану шарттары мен ережелерін қабылдамасаңыз, сайтты пайдаланбауды сұраймыз. Сайтты пайдалана отырып, сіз келесі талаптар мен ережелермен келісесіз.  

1. Контентке құқықтар

1.1. Сайт материалдарына авторлық және өзге құқықтар ОАУ-мен және/немесе оның серіктестерімен аффилиирленген тұлғаларға немесе үшінші тараптарға (бұдан әрі – «Құқық ұстаушысы» немесе «Құқық ұстаушылары») тиесілі болады. Фотосуреттер, суреттер, деректер қорлары және өзге бейнематериалдарды қосқанда, сайттың бүкіл мазмұны Құқық ұстаушыларының рұқсатымен ұснылады.

1.2. Егер өзгесі келісілмеген болса, тікелей интернет-көрсетілімді қоспағанда, сайттың барлық материалдары коммерциялық емес және білімдік мақсаттарда мына жағдайларда, ресми рұқсатсыз көрсетілуі мүмкін: 1) ОАУ немесе тиісті Құқық ұстаушыларға сілтемелер болған жағдайда; 2) материалдарға өзгертулер жасалмағанда; 3) түпнұсқаға ұқсас түрде және тәртіпте, келесі мәтінді қосқанда, авторлық құқық туралы барлық белгілер мен нұсқауларды ұсынғанда: «ucentralasia.org веб-сайтынан алынған». Материалдар сайта берілген тілде ғана көрсетілуі мүмкін. Тиісті Құқық ұстаушы немесе Құқық ұстаушыларының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз сайт мазмұнындағы туынды материалдарды бейімдеуге, өзгертулер енгізуге және жасауға жол берілмейді. Құқық ұстаушының жазбаша рұқсатынсыз сайт материалдарын қайта басуға, таратуға, сатуға, сондай-ақ басқа да коммерциялық мақсаттарда пайдалануға тыйым салынады. Құқық ұстаушының жазбаша рұқсатынсыз сайт контентін тікелей немесе жанама түрде топтама, компиляция, деректер қорлары немесе директория жасау немесе қалыптастыру үшін іріктеп алуға (робот-бағдарламалар, жаһанды іздеу бағдарламалары, автоматтық құрылғылар немесе қолмен басқару процесінің көмегімен болса да) жол берілмейді. Сіз ОАУ келесі байланыс деректері бойынша байланыса аласыз: Орталық Азия Университеті, Қырғыз Республикасы, 720001, Бішкек қ., Токтогул көшесі, 138, Әкімшілік; data.protection@ucentralasia.org

1.3. Авторлық құқықпен қорғалған және үшінші тұлғаларға тиесілі материалдарды осы тұлғалардың алдын ала жазбаша рұқсатынсыз қайта басып шығару, тарату, сату, немесе өзге де коммерциялық пайдалануға жол берілмейді, ал мұндай рұқсатты тікелей алу қажет. Түсініспеушілік туындамауы үшін ОАУ осындай үшінші тұлғалардың атынан әрекет етпейді және олардың агенті болып табылмайды.

1.4. Осы ережелер мен шарттардың ешбір қағидасы, жоғарыда көрсетілген шарттарға сәйкес ұсыну жағдайларын қоспағанда, материалға қатысты лицензия беру сияқты түсінідірілмейді.

1.5. Сайтта орналастырылған мақалалар немесе басқа да материалдардағы көзқарастар авторлардың пікірлерін білдіреді және ОАУ көзқарасымен міндетті түрде сәйкес келе бермейді.

1.6. Сайтта ОАУ-мен тексерілмейтін және бақыланбайтын басқа веб-сайттарға сілтемелер болуы мүмкін. ОАУ осындай веб-сайттардың мазмұны үшін, сондай-ақ осындай веб-сайттардың контентіне қолданылатын веб-сайттарды пайдалану ережелері мен шарттары үшін жауапкершілікті көтермейді. Пайдаланушы осындай веб-сайттарға кіру және оларды пайдалану үшін жеке-дара жауапкершілікті көтереді. Осындай веб-сайттармен танысу және шарттарын орындау үшін жауапкершілікті сайтқа келуші өзі көтереді.  

2. Сайтты пайдалану

2.1. Сайтты тек пайдалану шарттары және ережелеріне сәйкес қана, сондай-ақ заңды мақсаттары үшін пайдалануға жол беріледі.

2.2. Сайт «бар күйінде» шарттарымен ұсынылған. Қателер болуына, белгілі мақсаттарға сәйкестік, мәліметтердің дәлдігі мен өзектілігіне кепілдік берілмейді. Пайдаланушы сайтты пайдалану, сондай-ақ контентті пайдалану салдары үшін жеке-дара жауапкершілікті көтереді. Ақпаратты пайдаланудың алдында оның нақтылығын тексеру ұсынылады.

2.3. Сайтта орналастырылған материалдарды жүктеп алу немесе өзге түрде пайдалану өз қалауы бойынша және тәуекеліне жүргізіледі, және сіздің жүйеңізге кез келген шығын келтіру, деректердің жоғалуы немесе осындай әрекеттер салдарынан өзге де шығын келтіру үшін жеке-дара көтеруге сіздің келісіміңіз болған жағдайда жүргізіледі.

2.4. Барлық заңмен белгіленген жағдайларда сіз ОАУ-нің сіздің алдыңызда сайтты пайдалануға байланысты немесе пайдалану нәтижесінде, сондай-ақ сайтпен сілтемелер арқылы қосылған веб-сайттарды пайдалануға байланысты қандай да бір шығын немесе жоғалту үшін жауапкершілікті көтермейді.

2.5. Сіздің сайтқа қолжетімділігіңіз алдын ала жазбаша ескертусіз және себептерін көрсетусіз кез келген уақытта шектелуі, бұғатталуы немесе тыйым салынуы мүмкін.

3. Құқық ұстаушылардың аттары, қысқартулары, символдары, белгішелері мен логотиптері – тауарлық белгілерді және қызмет көрсету белгілерін пайдалану

3.1. Сайтта берілген атаулар, қысқартулар, символдар, иконкалар мен логотиптер тиісті Құқық ұстаушыларға тиесілі және қорғауда болады. Мұндай атаулар, қысқартулар, символдар, иконкалар мен логотиптерді пайдалану, жүктеуге және түрлендіруге, сондай-ақ Құқық ұстаушының алдын ала жазбаша келісімінсіз олармен байланысты көрсетуге тыйым салынады. Сіз сондай-ақ ОАУ-мен келесі байланыс деректері бойынша байланысуға болады: Орталық Азия Университеті, Қырғыз Республикасы, 720001, Бішкек қ., Токтогул көшесі, 138, Әкімшілік; data.protection@ucentralasia.org.

3.2. Сайтта берілген тауарлық белгілерді немесе қызмет көрсету белгілерін пайдалану пайдалану саясатына немесе Құқық ұстаушысының келісім және рұқсатына сәйкес жүргізілуі тиіс.

4. Құпиялылық саясаты

4.1. Осы құпиялылық саясаты ОАУ-нің сіздің жеке мәліметтеріңізді (сондай-ақ сіз өкілі болып әрекет ететін тұлғаның немесе тұлғалардың мәліметтерін) (бұдан әрі – «жеке мәліметтер») қорғауды қамтамасыз ететін әдістерді, сондай-ақ сайтты пайдалану кезінде сіз туралы ақпаратты жинау әдістерді және осындай мәліметтерді пайдалану мақсаттарды сипаттайды. Құпиялылық саясаты сіз сайтты пайдалану барысында Университет алған ақпаратқа таралады. Ол үшінші тұлғалармен бақыланатын және сайтта сілтемелер көрсететін веб-сайттарға (бұдан әрі – «бөгде веб-сайттар») таралмайды. Бөгде веб-сайттардың құпиялылық саясаттарымен танысу ұсынылады, себебі ОАУ жауапкершілікті көтермейді және бөгде веб-сайттардың мазмұны мен құпиялылығын қамтамасыз ету тәжірибесіне ықпал етпейді. 

4.2. Сіздің жеке мәліметтеріңізді жинау түрлі әдістермен жүргізіледі.

Сізге жеке мәліметтерді сайт арқылы беруге мүмкіндік беретін жобалар, бағдарламалар мен қызметтер мерзімді түрде жүзеге асырылады. Сіз жеке мәліметтерді бере отырып, ОАУ-нің жеке мәліметтеріңізді пайдалана және өңдей алатындығына келісесіз, сондай-ақ сіздің жеке мәліметтеріңізді сақтау айрықша түрде тек көрсетілген жобалар, бағдарламалар мен қызметтерді жүзеге асыру үшін ғана жүргізілетіндігіне келісесіз.

«Жазылу», «жіберу», «кіру» немесе «электрондық пошта бойынша жіберу» түймешіктерін басқан кезде нәтижесінде сіздің жеке мәліметтеріңізді біздің мекенжайға жіберу жүргізілетін белгілі жағдайларда немесе өзге жағдайларда, сіз осы құпиялылық саясатының шарттарын қабылдайсыз және ОАУ-не сіздің деректеріңізді пайдалануға, өңдеуге және сақтауға ресми рұқсатыңызды бересіз.

4.3. Сіз жеке мәліметтеріңіздің көшірмесін алуға, сондай-ақ өзгертулерді енгізуге немесе жеке деректерді қорғау саласындағы заңнамаға сәйкес мәліметтерді жоюға құқық аласыз. Сіздің жеке мәліметтеріңізбен байланысты сұрақтар туындаған жағдайда сіз data.protection@ucentralasia.org электрондық поштаның мекенжайына хабарлама жібере аласыз. Сіздің сұрауыңызды өңдеу және сіздің қатысуыңызды жою біраз уақыт алатындығын назарыңызға жеткіземіз. Сіздің сұрауыңызды өңдеу кезінде сіздің жеке мәліметтеріңіз сайтта қала беретін болады. Біз сіздің ақпаратыңызды өзгерту немесе орынды мерзімде сайттан алып тастау үшін барлық қажет шараларды орынадйтын боламыз.

4.4. Сіздің кез келген уақытта жеке мәліметтерді (сондай-ақ сіз заңды өкілі болатын тұлғалардың мәліметтерін), data.protection@ucentralasia.org электрондық пошта мекенжайына хабарлама жіберіп, немесе ОАУ-мен: Орталық Азия Университеті, Қырғыз Республикасы, 720001, Бішкек қ., Токтогул к-сі, 138, Әкімшілік; data.protection@ucentralasia.org мекенжайы бойынша байланыса отырып, қарауыңызға, өзгертуіңізге және/немесе жоюыңызға болады.

4.5. Заңды өкілі/және (әдеттегідей, ата-анасы/лары) және ОАУ ресми келісім берген жағдайларды қоспағанда, кәмелет жасқа толмаған тұлғалардың жеке мәліметтерін енгізуге, немесе сайт арқылы байланыс орнатуға тыйым салынады. Кәмелетке толмаған тұлға ОАУ келісімінсіз енгізген жеке мәліметтер, мұндай жағдай белгілі болған кезде деректер қорынан бірінші мүмкіндік болған жағдайда-ақ жойылады.   

4.6. ОАУ жеке мәліметтерге заңсыз қол жеткізу, кездейсоқ немесе әдейі әрекет жасауы, жоғалту және зақымдаудан қорғау мақсатында тиісті техникалық және ұйымдастырушылық қауіпсіздік шараларын қолданады.

4.7. Сіз рұқсат берген жағдай, немесе деректерді ашу заңмен талап етілген немесе мұндай әрекет қолданылатын заңға, құқықтық нұсқауға сәйкестікті, сондай-ақ ОАУ, онымен байланысты тұлғалардың, сайт пайдаланушылары мен қоғамның құқығы, мүлкі, персонал қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деген адал болжам жасалуы жағдайын қоспағанда, ОАУ жеке мәліметтерді үшінші тұлғаларға жарияламайды.

4.8. Сайт сіздің компьютеріңізде сақталатын және сіздің сайтты пайдалануыңызға талдауды қамтамасыз ететін куки-файлдарды (мәтіндік файлдар) пайдаланады.  Бұл ақпарат сайт операторы үшін сайт әрекеттері туралы есептерді жасау үшін пайдаланылады және сайт және интернетті пайдалануға байланысты қосымша қызметтер беруде ықпал етеді. Егер сіз куки-файлдарды алғыңыз келмесе, сіздің веб-браузеріңізде мұндай функция бар болса, өзіңіздің веб-браузеріңізді осындай файлдардан бас тартуға баптай аласыз.

4.9. Сайт пайдаланушының әрекеттерін біздің серверде сақталатын лог-файлдар арқылы бақылайды. Лог-файлдарда ІР-мекенжай, веб-браузердің түрі мен нұсқалары, қаралған беттер, сондай-ақ кіру және шығу жолдары туралы ақпарат бар. Лог-файлдар бізге кіру әрекеттерін дербестендіру, сервер проблемаларына диагностика жүргізу, веб-сайтты әкімшіліктендіру және ақпаратты түпкілікті пайдаланушыға бейімдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

4.10. Сайт GoogleI nc. (Google) аналитикалық қызметінің Google Analytics жүйесін пайдаланады. Google Analytics сайтқа кірушілердің сайтты пайдалану сипатын талдауға мүмкіндік беретін куки-файлдарды пайдаланады. Сіздің сайтты пайдалануыңыз туралы куки-файлдар құрайтын ақпарат (сіздің ІР-мекенжайыңызды қосқанда) АҚШ-та орналасқан серверлерде Google компаниясымен берілуі және сақталуы мүмкін. Google бұл ақпаратты сіздің сайтты пайдалануыңызды бағалау, веб-сайт операторлары үшін сайттағы әрекеттер туралы есеп жасау үшін, сондай-ақ сайт және интернетті пайдаланумен байланысты басқа қызметтерді ұсыну үшін пайдаланады. Бұл заң бойынша талап етілсе, немесе үшінші тұлғалар ақпаратты Google атынан өңдейтін болса, Google сондай-ақ бұл ақпаратты үшінші тұлғаларға бере алады. Google сіздің ІР-мекенжайыңызды Google иелігінде болатын басқа деректермен байланыстырмайды. Сайтты пайдалана отыра, сіз өзіңіз туралы деректерді Google тарапынан жоғарыда көрсетілген тәртіппен және мақсаттарда өңдеуге келісім бересіз.

4.11. Егер сіз бізден электрондық хабарламалар алуға келісетін болсаңыз, біз хабарламаларды және өтетін сілтемелерімізді ашатын адамдардың санын анықтауға мүмкіндік беретін мұндай хабарламаларға веб-маякты қоса аламыз. Электрондық пошта бойынша веб-маяктардан бас тартуға болады, сізге электрондық поштаңыздың БЖ-дағы HTML-суреттерді өшіру қажет.  

4.12. Сайтты пайдалана отырып, сіз осы құпиялылық саясатының шарттарымен танысқандығыңызды және сіздің деректеріңізді жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін пайдаланумен келісесіз. Осы құпиялылық саясатына мерзімді түрде өзгертулер енгізілуі мүмкін, бұл туралы сайтта хабарлама орналастырылатын болады. Мұндай өзгертулер сайтта орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.  

4.13. Сіздің жеке мәліметтеріңізге байланысты сұрақтар туындаған жағдайда data.protection@ucentralasia.org электрондық пошта мекенжайына хабарлама жіберуіңізді немесе ОАУ-мен келесі мекенжай бойынша байланысуыңызды өтінеміз: Орталық Азия Университеті, Қырғыз Республикасы, 720001, Бішкек қ., Токтогул к-сі, 138, Әкімшілік; data.protection@ucentralasia.org.

5. Жалпы шарттар

5.1. Сайт ақпараты мен материалдарына кез келген уақытта хабарландырусыз өзгертулер енгізу, оңтайландыру, түрлендіру мүмкін болады. Сайттың қызметі кез келген уақытта хабарландырусыз тоқтатыла тұруы/тоқтатылуы мүмкін.

5.2. Осы пайдалану ережелері мен шарттары мерзімді түрде өзгерілуі мүмкін, өзгертулер сайтта пайдаланудың жаңартылған шарттары мен ережелері орналастырылғаннан кейін күшіне енеді. Тиісінше, сіздің сайтты кейіннен пайдалануыңыз жаңартылған шарттар және ережелермен келісіміңізді білдіретін болады.  

5.3. Сіздің осы шарттар мен ережелерді бұзған жағдайыңызда сайтқа қол жеткізу және пайдалануға рұқсатыңыз тоқтатылады, ал сайттан жүктелген немесе басылып шығарылған материалдар пайдалану шарттары мен ережелерін бұзғандығы үшін жедел алып тастауға және/немесе жойылуға жатады.

5.4. Егер тиісті құзыреттегі сот осы шарттар мен ережелердің қандай да бір бөлігі орындауға жатпайтындығын анықтайтын болса, онда мұндай ереже заңмен рұқсат етілген барынша мүмкін болатын шектерде орындалады, ал қалған ережелері толық заңды күшінде қалады.

5.5. Осы ережелер мен шарттардың тармақтарында көрсетілген қандай да бір құқықтардың немесе осы ережелер мен шарттармен байланысты қандай да бір құқықтардың орындалмауы осындай құқықтар немесе ережелерден бас тартуды білдірмейді.

5.6. Осы ережелер мен шарттардан туындайтын немесе байланысты даулар Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласында, Қырғыз Республикасының Сауда-өнеркәсіптік палатасының (ҚР СӨП) жанындағы арбитраждық сотта ҚР СӨП арбитражының қағидаларына сәйкес, үш арбитрдың қатысуымен (олардың екеуі Қырғыз Республикасының азаматы болмауы тиіс), орыс тілінде шешілуге жатады.  Осы ережелер мен шарттарда Қырғыз Республикасының заңнамасы басшылыққа алынады.

6. ОАУ үшін қайырымдылық туралы деректерді қорғау туралы мәлімдеме

6.1. Сіз ucentralasia.org сайты арқылы қайырымдылық жасаған кезіңізде біз сіздің дербес деректеріңізді жинаймыз: атыңыз, тегіңіз, электрондық пошта мекенжайыңыз, тұратын қала мен еліңіздің аты, сондай-ақ қайырымдылық сомасы.  Біз кредиттік карталар деректері мен номерлерін жинамаймыз және сақтамаймыз, себебі олармен үшінші тарап – вендор жұмыс істейді.

6.2. Біз дербес деректерді тек ұсынылатын қызметтер көрсету үшін керек дәрежеде ғана, сондай-ақ сізбен байланысу және сізге сұралатын қызметтер немесе ақпаратты беру үшін жинаймыз, өңдейміз және сақтаймыз. Егер өңдеу үшін деректер қызметтер жеткізушілеріне берілуі тиіс болса, онда халықаралық нормалар және Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес біз мұны жасауға міндеттіміз. Дербес деректерді тексеру немесе мемлекеттік ұйымдар мен органдарға беру тек міндетті заң ережелері шеңберінде ғана жүргізіледі.  

6.3. Құпиялылық: Өз аты мен тегін және/немесе қайырымдылық сомасын жариялағысы келмейтін донорлар аноним (жасырын) түрде қала береді.

6.4. Дербес деректерді трансшекаралық беру: Сіздің дербес деректеріңіз басқа елдерге - Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Қазақстан Республикасының шегінен тыс берілуі ықтимал. Әдетте, бұл тек осы елдер тиісті деңгейде деректерді қорғауды қамтамасыз етеді деп есептелген жағдайда ғана жүргізіледі. Дегенмен, егер бұл дербес деректер субъектілерінің мүдделерін қорғау қажеттілігінен туындаса, егер дербес деректер жалпыға қолжетімді деректер көздерінде болса немесе солардан алынса, және/немесе дербес деректер субъектісі осындай беруге келісетін болса, кейде деректер дербес деректерді қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ете алмайтын елдерге берілуі мүмкін. 

6.5. Егер сізде ОАУ үшін қайырымдылық туралы деректерді қорғау туралы мәлімдемеге немесе Құпия жеке ақпаратты қорғауға саясатына қатысты қандай да сұрақтар туындайтын болса, сіз оларды data.protection@ucentralasia.org электрондық пошта мекенжайына жібере аласыз.