КҮОМ дербес деректерді жинау және өңдеуге келісім
Осы құжат арқылы дербес деректерді қорғау туралы қолданыстағы заңнаманың ережелеріне сәйкес, еркін түрде, өз еркіңізбен және өз мүддеңіз үшін Сіз Орталық Азия Университетіне – Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы және Исмаилиттер Имаматы арасындағы 2000 жылғы 31 тамыздағы Халықаралық шартқа («Халықаралық шарт») сәйкес құрылған және өз қызметін Халықаралық шарттың қолданыстағы ережелеріне сай Құрылтайшы-Мемлекеттерде жүзеге асыратын ұйымға (бұдан әрі мәтін бойынша – Университет) өзіңіздің дербес деректеріңізді алуға, сақтауға және өңдеуге сөзсіз келісіміңізді бересіз.
Келісім Сіз ұсынатын арнайы немесе биометриялық болып табылмайтын дербес деректердің бір, бірнеше немесе барлық санаттарын өңдеуге, беруге және трансшекаралық жіберуге беріледі, оларға мыналар кіруі мүмкін:
- тегі, аты және әкесінің аты
- туған кезі
- жынысы
- электрондық пошта мекенжайы
- байланыс телефонының нөмірі
- ел (азаматтығы)
- қала
Келісім Университетке автоматтандыру құралдарын пайдаланумен және/немесе ондай құралдарды пайдаланусыз Сіздің дербес деректеріңізбен келесі әрекеттер жасау үшін берілді: жинау, жүйелендіру, жинақтау, сақтау, өзгерту, толықтыру, пайдалану, тарату, иесіздендіру, бұғаттау, алып тастау, жою, сондай-ақ дербес деректерді қорғау туралы қолданыстағы заңнамамен көзделген, автоматтандырылған, сондай-ақ автоматтандырылмаған әдістермен кез келген өзге әрекеттерді жүргізу.
Осы Келісім Университетке Сіздің дербес деректеріңізді келесі мақсаттарда алу, сақтау және өңдеу үшін беріледі:
- статистикалық және маркетингілік зерттеулер жүргізу;
- Университеттің білімдік қызметтері бойынша коммуникациялар және консультациялар жүргізу;
- Сізге Университет қызметтері/жұмыстары/тауарларын ұсыну;
- Сіздің мекенжайыңызға Университеттің ұсынылатын қызметтері/жұмыстары/тауарларына қатысты хабарламалар жіберу;
- Сіздің сұрауларыңызға жауаптар дайындау және жіберу.
Осы Келісім деректерді беру сәтінен бастап мерзімсіз қолданылады және оны Сіз SPCE.Tekeli@ucentralasia.org электрондық пошта мекенжайына тиісті хабарлама жіберу арқылы қайтарып ала аласыз. Сіз Университеттің сіздің дербес деректеріңізді өңдеуін тоқтатуы Сіздің Университет қызметтері/жұмыстары/тауарларын кейінгі пайдалануыңызды мүмкін емес ете алатындығы туралы хабардарсыз. Біз дербес деректерді қорғау туралы қолданыстағы заңнамамен белгіленген негіздер болған кезде Университеттің дербес деректерді өңдеуді жалғастыруға құқылы болатын жағдайларын қоспағанда, деректерді өңдеуді 30 күнге дейінгі мерзімде тоқтатамыз.
Сіз Университет Сізден тіркеу кезінде және/немесе Сіз Университет өнімдерін пайдаланған кезіңізде алған немесе алуы мүмкін болатын дербес деректерге қатысты Құпиялылық саясаты қолданылатындығы туралы хабардарсыз.