Қабылдау туралы өтінішті қалай беруге болады?



НЕМЕСЕ
Орталық Азияның Университетіне 2019-2020 жылдарға бакалавриат бағдарламаларына қабылдау туралы өтініштің бланкісін жүктеп алыңыз. ОАУ-нің Нарындағы (Қырғыз Республикасы) және Хорогтағы (Тәжікстан) кампустарына түсуге өтініштер қабылданады.

Word пішімінде
PDF пішімінде


ОАУ-не түсуге өтінімді бүгін беріңіз


Негізгі кезеңдер


Өтінім үлгісі және ілеспе құжаттар

ОАУ-не толтырылған өтінім мен ілеспе құжаттарды 2019 жылдың 1 наурызында сағат 23:59 (GMT+6) кешіктірмей беріңіз. Өтінімдері 2019 жылдың 1 ақпанында сағат 23:59 (GMT+6) дейін алынған абитуриенттер 15 АҚШ доллары көлемінде тіркеу алымын төлеуден босатылады.

Өтінімнен бөлек сіз көрсетілген мерзімге дейін мыналарды тапсыруы қажет:

  • 10 сыныптағы және 11 сыныптың алғашқы екі тоқсанындағы (Орталық Азия елдерінен келген абитуринеттер үшін) немесе 11 сыныптағы және 12 сыныптың алғашқы екі тоқсанындағы (басқа елдерден келген абитуриенттер үшін) үлгерімінің ресми үзінді көшірмесін. Егер сіз университетте оқысаңыз, сіз де оқу орнынан академиялық үлгерім туралы үзінді көшірме табыстауыңыз қажет.
  • Жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесін.
  • Соңғы үш ай ішінде жасалған фотосуретті (3х4 см),
  • 15 АҚШ доллары (ұлттық валютамен енгізіледі) көлемінде тіркеу алымын енгізіңіз. Өтінімдері 2019 жылдың 1 ақпанында сағат 23:59 (GMT+6) дейін алынған абитуриенттер тіркеу алымын төлеуден босатылады.
    Өтелмейтін тіркеу жарнасын қалай төленетіні туралы толығырақ ақпаратты жүктеп алыңыз

Өтінімші мына үш тәсілмен беруге болады:

ОНЛАЙН
  1. Өтінімді толтырып онлайн беріңіз
  2. Ілеспе құжаттаманы apply@ucentralasia.org жолдаңыз

Қадамдық нұсқаулық
Жиі қойылатын сұрақтар
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОЧТАМЕН
  1. Өтінімді және ілеспе құжаттарды жүктеп алыңыз, басып шығарыңыз, толтырыңыз, сканерлеңіз және электрондық почтамен apply@ucentralasia.org жолдаңыз
  2. Электрондық хабарламаның "Тақырып" жолында мыналарды көрсету қажет: "Application" және өз атыңыз бен тегіңізді.



ҚОЛДАП ЖЕТКІЗУ
  1. Құжаттарды ОАУ-нің Тәжікстандағы, Қырғызстандағы немее Қазақстандағы пункттерінің бірінде қолдап жеткізуге болады.
  2. Конвертте өз атыңыз бен тегіңізді, электрондық почтаңыздың адресі мен телефон нөміріңізді көрсетіңіз.
  3. Өтінімдер дүйсенбіден жүмаға дейін сағат 9:00-дан 18:00 дейін қабылданады.

2019 жылдың 1 наурызында сағат 23:59 (GMT+6), кейін алынған өтінімдер қаралмайды.

Қағаз түріндегі құжаттардың толық топтамасын мына мекен-жайлардың кез келгеніне көрсетілген ақырғы мерзімге дейін беруге болады:



Қағаз түріндегі құжаттардың толық топтамасын мына мекен-жайлардың кез келгеніне көрсетілген ақырғы мерзімге дейін беруге болады:


ОАУ өтініштерді қабылдау бөлімі
720001, Қырғыз Республикасы, Бішкек қ.
Тоқтағұл көш., 138

Орталық Азияның университеті, Нарындағы
кампус
Ленин көш., 310, Нарын

Орталық Азияның университеті, Хорогтағы
кампус
Киматшо Иматшоев көш., 155 Хорог ТБАО
736000 Тәжікстан

Душанбе қ. ШНПО
734013, Тәжікстан Республикасы
Душанбе қ., Халықтар достығы даңғылы, 47А

Хорог қ. ШНПО
736000, Тәжікстан Республикасы
ТБАО, Хорог қ., Ленин көш., 126
722900, Қырғыз Республикасы

Нарын қ. ШНПО
722900, Қырғыз Республикасы
Нарын қ., Сейіталы Жақыпов көш, 19

Текелі қ. ШНПО
041700, Қазақстан Республикасы
Текелі қ., Гагарин көш., 13

 

Бақылау тізімі

Өтінімнің үлгісі – онлайн, сканерленген немесе басып шығарылған
лгерім ведомосынан үзінді көшірме
Паспорттың немесе жеке куәліктің көшірмесі
Соңғы үш айдың ішінде жасалған фотосурет (3х4 см)
$15 төлегені туралы түбіртек (1 ақпанға дейін өтінім берген абитуриенттер үшін қолданылмайды)

Өтінімді қалай беруге болатыны туралы сұрақтар қалды ма?

Оларды admissions@ucentralasia.org электрондық почтасына немесе +996 770 822 901 (Қырғызстан) / +992 93 999 99 64 (Тәжікстан) / +7 777 822 3948 (Қазақстан) телефон/WhatsApp қойыңыз.

ОАУ-не қабылдау емтиханы

I кезеңнің бастапқы іріктеуінен өткен абитуриенттер қабылдау емтиханына шақырылады. Ол 2019 жылдың 24 наурызында болады. Электрондық почтамен абитуриентке тіркеу нөмірі, тестілеу орталығының мекен-жайы және емтихан өткізілетін уақыт көрсетілген тиісті хабарлама жолданатын болады. Емтиханда тек хабарламада көрсетілген тестілеу орталығында ғана тапсыруға болады. Қабылдау емтиханы өзіне математика, ағылшын тілі және логика жөніндегі тестілерді қамтитын болады.

ОАУ қабылдау емтиханынан өту үшін мыналарды табыстау қажет:

  • Өтініштің дербес тіркеу нөмірін
  • Фотосуреті бар паспорттың немесе басқа жеке куәліктің түпнұсқасы

Сынама тестілеуді жүктеп алыңыз


ЕМТИХАНДАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫ *

Ауғанстан: Шугнан | Кабул | Файзабад
Қазақстан: Алматы | Астана | Тараз | Текелі
Қырғызстан: Бішкек | Каракөл | Нарын | Ош
Пәкстан: Карачи | Гилгит | Читрал | Исламабад
Сирия: Саламия
Тәжікстан: Душанбе | Хорог | Худжанд | Кулоб

* Емтихандар өткізу орталықтарының мекен-жайлары өзгеруі мүмкін

Өтінімдер және қаржылай қолдау

ІІ бастапқы іріктеуден өткен, қабылдау емтиханында жоғары балдарға ие болған абитуриенттер 2019 жылдың сәуір айына дейін қаржылай қолдау алуға ұсынымдар мен толтырылған өтінімді табыстауы тиіс. Бір ұсыным хат математика пәнінің мұғалімінен және біреуі ағылшын тілі пәнінің (абзалы ағылшын тілінде) болуы тиіс. Математика мұғалімінің ұсынымы орыс тілінде болуы мүмкін.

Қаржылай қолдауға барлық қабылданған абитуриенттерге кепілдік беріледі.
Стипендиялар, гранттар және алымдар туралы толығырақ ақпарат

Вводно-ознакомительные семинары для студентов начнутся в августе, а занятия начнутся в сентябре.